Май ауданы тұрғындары экологияның зардабын әлі тартып отыр

0

«AMANAT» партиясының облыстық сайлауалды штабының үгіт-насихат жұмыстары Май ауданында жүріп жатыр. Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Салтанат Шабажанова, Жанбол Жилбаев және аудандық мәслихатқа үміткер Қарлығаш Түсіпбекова, Ғибадат Арынов Еңбекші ауылында, Ақжар ауылында және Май ауылдық клубында тұрғындармен кездесті.

Кездесулер барысында ауыл тұрғындарымен, денсаулық сақтау саласы қызметкерлерімен, мүмкіндігі шектеулі азаматтармен жеке-жеке әңгімелесіп, олардың өтініштеріне назар аударды. Май ауданы тұрғындары үшін ең өзекті әрі қауіпті мәселе Семей полигонының зардабы. Анығын айтқанда, 40 жылдан астам уақыт Семей халқының санасын улап, жанын жаралаған бұл ауыр қасіреттің зардабын Май ауданының халқы әлі күнге дейін тартып отыр. Яғни, ядролық апаттың салқыны тиген аймақтарда тұратын халыққа мемлекет тарапынан дұрыс көмек жасалмай келеді. Сондықтан, тұрғындар экологиялық апаттан зардап шегушілерге арнайы статус беріліп, мемлекеттің қамқорлығына алынуы керек деген пікірде. Белсенділер тұрғындардың барлық өтініштерін тиісті орындарға жеткізуге уәде берді.

Айта кету керек, экология мәселесі партияның сайлауалды бағдарламасында көрсетілген. Онда: «Біз барлық экологиялық мәселені шешуге ниеттіміз. Табиғи теңгерімді қалпына келтіріп, ауаны, жермен суды тазартатын уақыт жетті. «AMANAT» партиясы жерді тиімсіз пайдалануға, рұқсат етілмеген қоқыс полигондарына, өнеркәсіптердің зиянды қалдықтарды бақылаусыз шығаруына қарсы. Бұралқы үй жануарлары азаматтардың өміріне қауіп төндірмеуі керек. Пайда мен кірісті күйттеп, табиғи байлығымызды, жерімізді құрбандыққа шалмауымыз керек. Экологиялық қауіпсіз мемлекет – ұлт саламаттығы мен тұрақты дамудың кепілі» деп жазылған.

Дайындаған: «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының баспасөз қызметі, Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25А

Тапсырыс беруші: И.С. Теренченко

Павлодар облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді. *Осы ақпаратты кез келген бұқаралық ақпарат құралдарында (сайттарда, БАҚ аккаунттарында, әлеуметтік желілерде және блог-платформаларда, мессенджерлерде) қайта басып шығаруға, қайталауға, көшіруге, қайта жариялауға, репост жасауға және өзге де шығаруға және/немесе таратуға тыйым салынады. Сондай-ақ, осы ақпаратты әлеуметтік желілерде, әлеуметтік желілер мен әлеуметтік платформалардың аккаунттарында, мессенджерлерде таратуға тыйым салынады.