«Мәһр – адам саудасы»: Танымал вайнер Мөлдір Анарбаева күйеуінен сыйлық сұрайтын қыздарды сөгіп тастады
Танымал блогер, вайнер Мөлдір Анарбаева қоғамда үлкен дау тудырған жас жұбайлар арасындағы мәhр мәселесіне қатысты пікір білдірді. Ол тұрмысқа шығатын қыздардың қымбат сыйлық сұрайтынын сынады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Блогер жеке парақшасында видео арқылы ойын білдірді.
“Мәһр деген жігіттердің соры болды. Алдымен соны алу үшін еңбегің сіңді ма?! Есеппен байға тиесіңдер ма?! Адам саудасынан қалған өзгенің салтын дәріптемеңдер! Қазақ бала көтерсе, туса әйелді өз сатысымен көтеріп отырған міне, саған, мәһр! Еркек те адам! “Ол асырасын деп дінді сылтауратып жатқан да өзім асыраймын отыр” деп қатынын көлеңкесінен қызғанып жүрген де – есалаң! Қоғаммен араласы жоқ әйелдің балалары – болашағымыздың соры!
Көзі жабық, көкірегі сөнген әйелден бала болғанымен шала болады!
Ұрпақ тәрбиелейтін – әйел! Үйінен шықпайтын, жұртпен аралас-құраласы жоқ, қараңғы әйелдің баласы да сондай болады. Еркек қана еңбек қылатын заман емес. Қолдан келсе екіжақтау керек. Ал мәһр сұрап бір саты жеке дара байып алғысы келетін жас қыздарда бір грамм сезім жоқ! Олар есеп қуып байға шыққандар! Жаны ашыса жігітін қинай ма?! Үй боламын деген есі түзу адам солай дей ма?!”, – деп ашуланды.
Блогердің оқырмандары жазғанын қолдап, оқиғаларын бөлісіп жатыр.
“Біздің кезімізде мәһр деген болмапты”, “Елімізді дін жайлағалы бәрі өзгерді”, ”Дұрыс айтасыз, мәһр сұрауды кейіннен шығарды, бұрын ондай болмайтын», «Бір айтатын адам табылды-ау әйтеуір», «Қайдам ешнәрсе сұрамай-ақ, айлығы төмен жігітке, кредитіне қарамай тұрмысқа шықтым. Кредитке одан сайын кіріп кетпесің деп, той да, қалыңмал да сұрамадым. Бақытты болып өмір сүріп жатырмыз», «Ай, Мөлдіржан, ең өзекті әңгімені қозғадың, жарайсың! Мәһрге әдемі орамал десе де болады», – деп жазды желі қолданушылары.