Махмұд Сабырхан күміс жүлдеге ие болды

0
543

Бокстан Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан командасының қоржыны күміс жүлдемен толықты. 20 жастағы Махмұд Сабырхан әлемдік сынды екінші орынмен аяқтады деп хабарлайды kznews.kz сайты оlympic.kz порталына сілтеме жасап.

54 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Махмұд Сабырхан финалда жапондық Тамоя Цубойдан 0:5 есебімен ұтылды.

Бұл Махмұд қатысып отырған алғашқы әлем чемпионаты. 20 жасында әлем чемпионатының финалында сынға түскені де Махмұдтың талантты боксшы екенін көрсететіні анық.

Айта кетелік, бұған дейін Теміртас Жүсіпов әлемдік сында топ жарған болатын.