Махачкалада хиджабтағы қыздың түнгі клубта билегені үшін жаппай төбелес болды

0

Түнгі клубта билеген орамалдағы қыздың әрекеті Махачкалада жаппай төбелеске себеп болды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі Mash Gor Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Түнгі клубқа келушілердің бірі –  Ирасхан есімді азамат хиджабтағы қыздың билеп жүргенін көріп, оның күйеуіне ескерту жасайды. Алайда келушілер оның ескертуін елемеген.

Орамалдағы қыздың бұл әрекетін ұнатпаған ер адам сол жерде үш адамды пышақтап тастаған.

“Даяшылар музыканың қатты дауысынан төбелес болып жатқанын байқамаған. Жанжалды дер кезінде тоқтатпағандықтан, екі адам ауруханаға жеткізілді. Ирасхан есімді азамат ұсталды”, – делінген Telegram арнадағы хабарламада.