«Маған жасаған жақсылығы көп»: Болат Назарбаевтың экс-жұбайы туысқандарына көңіл айтты
Тұңғыш президенттің інісі Болат Назарбаев 71 жасына қараған шағында дүниеден өтті. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Болат Назарбаевтың бұрынғы әйелі Динара Әлжан да көңіл айтты.
“Осы жағдайды естіп, көңілім құлазып отыр. Жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтамын. Бұл кісінің маған жасаған жақсылығы көп. Бәрі де өткен іс. Алдынан жарылқасын, жаны жәннатта болсын!”, – деп жазды жеке парақшасына.
Сондай-ақ Динараның өнердегі әріптестері де көңіл айтып жатыр. Белгілі әнші Талғат Жорабаев: ”Иманды болсын! Алла сондай мейірімді ғой, кешіргенді жақсы көреді! Бұл кісінің ел арасында біреуге бірдеңе жасапты деген өсектері ғана болмаса, көзбен көрерлік жақсылықтары өте көп еді, қолын жайып келген мұқтаждың қолын бос қайтармайтын мәрттігі бір төбе еді! Алла мейіріміне бөлесін! Ешқайсымыз күнәдән пәк емеспіз! Алладан келдік, Аллаға қайтамыз!”, – деп жазды.
Еске салайық, Болат Назарбаев ұзаққа созылған сырқаттан қайтыс болғанын жазып едік.