«Маған қалталы азамат керек!»: Атышулы Динагүл Тасова болашақ жарына қояр талабын айтты – Қазақстан жаңалықтары

0
131

«Мен тұрмыстамын. Мені мазаламаңыздар!». Бұл сән сахнасына жалаңаш кеудесімен шыққан атышулы бикештің сөзі. Таяуда ғана инстаграмға дәл осылай жазба жүктеген Динагүл Тасованың ерлер қауымынан көңілі қалғанын айтады. Жеке өміріндегі соңғы жаңалықтарымен бөліскен модель Stan.kz ақпарат агенттігінің тілшісіне ер-азаматтардың түрлі әрекеттерін баяндап берді.

– Динагүл, сәлем! Таяуда инстаграм желісіне тұрмысқа шыққаныңыз жайлы жазыпсыз. Шынымен ақ келін атандыңыз ба?

– Иә, ондай ақпаратты таратуымның себебі бар. Осыдан бір-екі күн бұрын бір жігіт қоңырау шалып: «Қалың қалай? Таныссақ бола ма? Мен сені танимын!» – дейді. Мен бірден: «Мен сізді танымайтын, мені мазаламаңыз», – деп айттым. Сонда да жазады, қайта-қайта қоңырау шалады. Ішінде үйленгені де бар. Мен шаршадым сондай еркектерден. Сосын инстаграмға: «Мен күйеуге шыққанмын. Мені мазаламаңыздар беталды», – деп ашуланып салып қойдым. Содан шығар тарап кеткені. Негізі менің басым бос, күйеуге шықпағанмын.

– «Қыз бала – қонақ!» дейді қазақ. Ата-ана, туыстардың ортасында «тұрмысқа шығу» тақырыбы қаншалықты талқыға түседі? «Тұрмысқа шық, тұрмысқа қашан шығасың?» деген сияқты сұрақтар.

– «Иә, қыз бала – қонақ! Қыз мақсаты – кету» дейді. Мен үйдегілерден ұялып отырмын. Үйде бауырларым бар, туған-туыстарым бар. «Неге тұрмысқа шықпайсың, жан-жағыңда жігіттер көп қой», – деп айтады. Бұрын 25 жастан асқан кезімде тұрмысқа шық деп айтса, қазір 30 жастан асқанда өзің үшін бала туып алсайшы дейді. Оның ешқандай ұяты жоқ! Егер өзімнің бағымды, жақсы жігітті кездестіріп жатсам, күйеуге шығуға қарсы емеспін. Ұзатылып кеткім келеді. Ол – менің арманым. Егер оны түсіне білетін жігіт болса.

– Жалпы, Динагүлдің болашақ жарына қояр талаптары қандай? Сіздің қалауыңыздағы ер-азамат қандай болу керек?
– Ақшасы болса – жақсы! Ақшаға мен қарсы емеспін. Махаббат – екі адамның арасындағы қарым-қатынасты ұстап қалатын нәрсе. Қарым-қатынастың дамуына тікелей септігін тигізетін – ақша! Оны ешқашанда жоққа шығара алмаймыз. Менің таңдаған ер адамның қалтасы қалыңдау болу керек. Маған мені асырайтын жігіт керек. Менің үйіме келіп тұратын емес, менің оның үйіне баруым керек. Сондықтан, менің болашақ жарым қалталы азамат болса, қарсы емеспін.

– Жігіттер қаншалықты жиі сезімін білдіреді немесе жиі мазалайды? Аға-көкелер, лауазымды танымал адамдар, депутаттар сезімін білдірген кез болды ма?
– Маған өте көп сезімін білдіреді. Не деген таусылмайтын сезім? Біреуге түрім ұнайды, біреуге кеудем ұнайды. Бірінші кеудесін ашқан қыз ретінде танып-біліп, араласқысы келеді. Одан кейін ғашық болып қалады. Танымал адамдардың ішінен ес-түссіз ғашық болып қалғандар да бар. Өтірік айтпай-ақ қояйын, жақсы шенде жұмыс істейтін кісілер де бар. Ол – шындық!

– Инста-парақшаңызда әртүрлі суреттер жүктеледі. Ата-ана, туыстарыңыз ашық образдарды қалай қабылдайды?
– Мен жағымсыз пікірлерден шаршадым. Инстаграмнан басқа әлеуметтік желідегі барлық парақшаларымды өшіріп тастадым. Кейде ер адамдар өздерінің ұятсыз жерлерін фотоға түсіріп жіберетін кездер болды. Қазір кейбір ашық суреттерімді өшіріп тастадым. Маған өте көп «негатив» жазылады, жекемеге де жазылады. Соңғы кезде табиғи өмірге көп көңіл бөліп жүрмін. Сондықтан, туыстарым маған ештеңе айтпайды. Олар мені оқымайды да!

– Карантин уақыты ұзаққа созылды. Жұмыстардың барлығы да тоқтап тұр. Динагүлге табыс қайдан келеді?
– Өкінішке орай, карантинде жұмыс істеген жоқпын. Сондықтан, әлеуметтік көмек бізге тиді. Маған хабарлама келді. 42500 теңгені екі рет алдым. Бірақ ол жетпейді. Менің үш кредитім бар. Қосымша табысым жоқ, бизнесім жоқ. Маған ешкім көмектескен жоқ, көмектеспеген де. Мен оны жақсы білемін. Сондықтан, демалыстан соң жұмысымды жалғастырсам деген ойым бар.

– Уақыт бөліп, сұхбат бергеніңізге рахмет! Жақсы күндерде жолығайық!

– Динагүл Тасова: Рақмет!

stan.kz