«Маған неге төлемейсің» Бірнеше адамға тамақ алып беремін деп ажал құшты  

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

21 0 0

Жомарт жанның бұл әрекеті кейбір қонақтардың ашуын келтірген  

НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір — Sputnik. АҚШ-тың Флорида штатында 41жастағы Крейг Брюер (Craig Brewer) бірнеше адамның түскі асының ақысын төлеген, содан кейін оларға 20 доллардан берген. Оның осы жомарттығы басына бәле болып жабысып, ажалына себеп болды, деп жазды CBS News.

Крейг Брюер ақша таратып жатқанда мейрамханада отырған қыз бен жігітті байқамай қалған. 25 жастағы Иезекииля Хикстің сүйіктісі өзіміз төлейтін болдық деп бұған қатты ашуланған. Жігіт Брюермен сөзге келіп қалады. Оның соңы жанжалға ұласып, Хикс меценаттың басынан тапаншамен атып тастаған.   

Басылымның мәліметінше, жанжал біраз уақытқа жалғасқан, содан кейін Хикс мейрамханадан жүгіріп шығып, қару алып келген. Жігіт қамауға алынды.

Оқиға ведеобақылау камерасына түсіп қалған, полицейлер оны тергеу жұмыстары кезінде пайдаланып жатыр.  



sputniknews.kz