Мәдина Сәдуақасова ашық-шашық суретіне күйеуінің көзқарасы жайлы айтты — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Екі бірдей бейнебаянын жарыққа шығарып, шетелге демалуға кеткен Мәдина Сәдуақасова ашық-шашық суреттерімен жұртты біраз шулатқан еді. Әншінің купальникпен, қысқа шортымен түскен фотолары Instagram мен БАҚ-та қызу талқыға түсті. Бұдан Мәдинаның күйеуі де хабардар болған. 

Мәдина Сәдуақасова

«Түнгі студия» бағдарламасында Мәдина ашық-шашық суреттеріне деген күйеуінің көзқарасы жайлы айтты, деп жазады Stan.kz.

«Ол кісі Instagram-да жоқ, бірақ барлық жаңалықтарды оқиды. Жаңалықтан көргеннен кейін жазды маған. Ол маған ұрыспайды, қатты сөйлемейді. Жай сөйлеп, барлығын түсінікті қылып жеткізеді», — дейді Мәдина.

Иә, Сәдуақасованың күйеуі купальникпен түскен суреті үшін Мәдинаға ұрыспаған. Есесіне ескерту жасап, фотоның өшірілуін және келесіде қайталанбауын талап еткен. 

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

stan.kz