Мәди Жанботаұлы: Ресей Американың тарихтағы ашаршылық жылдары көмектескенін ұмытпасын

0
58

«Адырна» ұлттық порталының редакторы Арман Әубәкір ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Саясат Нұрбек мырзамен сұхбат жүргізген еді.

YouTube арнасында келелі мәселелер талқыланған диалогқа https://youtu.be/EDBkTA9X-us Қажымұратов Мәди Жанботаұлы пікір білдірді.

Бұл сұхбатта олар жаһандық ауқымда жақындап келе жатқан ашаршылықты болжаған. Әсіресе,  Ресейде осындай қиындықтар орын алуы әбден мүмкін. Сонымен қатар бізді Ресеймен тығыз экономикалық, шекаралардың кеңдігі мен ашықтығына байланысты кейбір мәселелердің бар екенін жоққа шығара алмаймыз.

Бұрын-соңды азық-түлік тапшылығы орын алды, ал алдағы дағдарысқа байланысты бұл одан да өзекті тақырыпқа айналуы мүмкін. Жер бетіндегі халық саны 8 миллиардқа жуықтап қалыпты. Әлемді аштық жайласа қайтпекпіз? Бұл туралы БҰҰ деңгейінде ашық талқыланып жатыр, ал шешіміне келсек, олар адам рационына жәндіктер биомассасын бірнеше еселеп қосуды жоспарлап отыр.
Ал Ресейде экономикалық мәселелердің, әсіресе, сонау патша дәуірінде ашаршылықтың жиі орын алғанын тарихтан хабары барлар жақсы біледі. 2-Николай  билігі, коммунистер тұсында осындай түрлі қиындықтар белең алса да, адамдар «зомби» кейпіне еніп, көрген-білгенін айтудан қашып, жасырып, соқыр үреймен өмір сүрді. Осылайша кеңес халқы аштықтың құрбанына айналып, үлкен шығынға ұшырады. 1945 жылдан 1960 жылға дейін соғыс зардабын тартқан халықтың жағдайы 70-жылдардан бастап жақсы жаққа өзгере бастады. Оған себеп — 15 жыл бойы мұнай нарығының әлемдік құны жоғарылай түсті. Батыспен салыстырғанда ел жағдайы төмен болғанымен, тарихи оқиғалармен салыстырмалы түрде бұл уақыт оларға жұмақтай көрінді. Бірақ мұнай бағасы қайта төмендеп, аштық жұртты қайта жаулағанда, орыстарға тамағын әкеліп, нанымен бөлісіп, суын берген, мыңдаған тегін азық-түлік пункттерін ашқан американдықтар еді. Бұл сөзіме Ұлы пейзажист Айвазовскийдің «Американың гуманитарлық көмегіне алғыс білдірген орыс халқы» шығармасы дәлел бола алады. Сол жақсылықты бүгін олар ұмытқан сияқты. Себебі кез келген қиындықтарында
«Американы қарғыс атсын», «біздің барлық қиыншылықтарымызға осы Америка кінәлі», «Америка біздің жерлерді жаулап алғысы келеді және әрқашан Ресейді жоюды армандайды» деп жар салатын. Егер Американың  шынымен түпкі мақсаты сол болса, Ресейді жер бетінен жоқ қылып жіберетін мүмкіндік көп болды ғой. Мәселен, Екінші дүниежүзілік соғыста, атом қаруы жасалып, бірақ Кеңес үкіметінің қолына тимеген тұста, Азамат соғысы жылдары арам ойды жүзеге асыруға болушы еді. Алайда ,керісінше, олар орыс халқына қаржылық және технологиялық тұрғыдан қол ұшын созып, Фордов кризистік менеджерлерін жіберіп, «Ленд-лиз» әскери көмегін көрсетіп, тәуелсіздіктерін алуға мүмкіндік берді. Тіпті Сталиннің өзі «Одақтастардың көмегінсіз біз жеңіліс табатын едік» деп ашық айтқан жоқ па? Ал қазір Америка Украинаға неге көмектесіп жатыр деген сұрақ туындайды. Мұның барлығы геосаясат, геостратегия деп аталады.
Америкалықтар өздеріне ең үлкен қауіп 100 жыл бұрын байқаған Қытайдан төнетінін жақсы біледі. Егер Ресей күйресе, Қытай Сібір ресурстарына қол жеткізіп, тұрғын үй кеңістігін кеңейтіп, тұщы судың жетіспеушілігіндегі өткір мәселесін шешеді және осы аумақтарды алған соң Америкамен қарсыласу кезеңі басталады.

Міне, Америка артта қалған Ресейден емес, Қытайдан қауіптенеді. Қазақта «Өгізді көрген бұзау оңбас» деген сөз бар. Егер біз Ресей дейтін құрдымға кетіп бара жатқан алып кемеге жабыссақ, тұңғиыққа батып кетеміз. Бұл 7-сыныптағы физика пәніндегі «Инерция күші» заңы сияқты. Сонықтан өз жыртығымызды өзіміз жамағанымыз дұрыс болар», — дейді автор пікірінде.

(фото:  fpri.org. The crack between the flags of America and Russia close up)