Мәди Ахметов жаңа қызметке тағайындалды
Ең жас депутат ретінде есте қалған Мәди Ахметов Алматы облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мәди Ахметов енді Алматы облыстық жастар саясаты басқармасын басқарады.
2022 жылы ол мәжілістің ең жас депутаты деп аталған еді. Алайда 2023 жылы “Аманат» партиясының съезінде партиялық тізімдер және бір мандатты аумақтық округтер бойынша сайланатын мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың ішінде болған жоқ.
Ол бұған дейін Алматыда Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішін орнатуға ұсыныс жасап, кейін қаңтар оқиғасынан кейін оның өкілеттіктерін қысқартуға, сондай-ақ «ҚР-ның Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық заңының күшін жоюға дауыс берген еді.