Мәди Ахметов: Жан-жаққа тартпай, Тоқаевтың кандидатурасын қолдайық!

0

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәди Ахметов Тоқаевтың кандидатурасын қолдайтынын мәлімдеді, деп жазады «Адырна» ұлттық порталы. 

«Құрылтай өтті. Кандидат анықталды. Коалиция құрылды. Қадірлі достар, жыл басынан еліміздің саяси өміріне қан жүгіріп, ауқымды өзгерістер орын алуда. Өзгерісті өзінен бастаған @amanat.partiyasy күні кеше жаңа саяси тұғырнамасын қабылдап, стратегиялық мақсат міндетін айқындады. Алда үлкен саяси науқан, бірлігіміз сыналатын, елдің келешегі шешілетін жауапты кезең. Бұл асырасілтеушілік емес, баршамыз жан-жағымызда орын алып жатқан геосаяси жағдайды, қақтығыстарды көріп отырмыз. Сондықтан қазіргі құбылмалы әлемде біз ішкі тұрақтылықты сақтап, жарияланған реформалардың іс жүзінде жүзеге асқаның қамтамасыз ету үшін аманаттықтар ретінде Мемлекет басшысының кандидатурасын қолдадық. Бастысы “Аққу, шортан һәм шаян” кейпіне енбей, жан-жаққа тартпай, мемлекетшілдік тұрғысынан ойлап, ұлт болып ұйысу аса маңызды», — деп жазды Мәди Ахметов өзінің инстаграм парақшасында.