Мәди Ахмет: Аяғым аспаннан салбырап түсіп депутаттық мандат алып отырған жоқпын

0

Небәрі 25 жасында Парламенттің Мәжілісіне депутат болған Мәди Ахмет өзіне айтылған сындарға жауап берді.

«Үлкен жауапкершілік, расымен де. Оны сезініп отырмын, біліп отырмын. Аяғым салбырап аспаннан түсіп депутаттық мандатты алып отырған жоқпын. Қарап отырсаңыз, праймериз өтті. Осы праймериз арқылы бүткіл деңгейлерден кезең-кезеңмен өтіп, кейін барып үгіт-насихат жұмысына қатысып, арнайы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, кейін барып партия тізіміне енген болатынмын.

Оған дейін де 6-7 жыл қатарында студент кезімнен бастап волонтерлік қызметпен, активистік қызметпен, қоғамдық белсенділікпен айналысып жүрген жайым бар. Сол себептен ойлаймын азды-көпті болсын өзімнің жинаған тәжірибем бар. Сондықтан одан бөлек жастардың қазіргі ең өзекті мәселелерінен хабардармын: тұрғын үй мәселесі болсын, жұмысқа тұру мәселесі болсын, сапалы білім мәселесі болсын, бос уақытты тиімді өткізу мәселесі болсын, ауыл жастарының мәселесі болсын.

Өйткені өзімнің күнделікті жұмысымда олармен тікелей байланысты болып, бұл мәселені тек құлақпен естіп қана қоймай, көзбен көріп отырмын. Сондықтан да ойлаймын еліміздегі ең үлкен заң шығаратын органдарда жастардың үні болуы керек, жастардың мәселесі көтерілуі керек. Жастарға қолайлы, жастардың өмірін жақсартатын, оның ішінде жалпы қазақстандықтардың өмірін жақсартатын заңдар қабылдануы керек деп ойлаймын», — дейді ол Azattyk Ryhy сайтына берген сұхбатында.