Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков ұсталды деген ақпарат тарады

0
37
Сурет: inbusiness.kz

Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков ұсталды деген ақпарат тарады, деп хабарлайдыStan.kz ақпарат агенттігі.

«Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековты құқық қорғау органдары ұстады. Оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде», — делінген хабарламада.  

Бұл ақпаратқа қатысты мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі жауап берді.

«Вице-министрдің ұсталғаны туралы ақпарат жоқ. Сәкен Мұсайбеков 22 ақпан мен 5 наурыз аралығында еңбек демалысына кеткен. Мемлекеттік қызметкерлер еңбек демалысы үшін алдын ала хат жазып, жоспарлы түрде демалысқа шығады», — дейді министрліктің баспасөз қызметі. 

Ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ақпаратқа қатысты пікір білдіре алмайтындарын жеткізді.

Мұсайбеков Ұлттық олимпиадалық комитеттің бас хатшысы болған. Тек 2020 жылдың мамырында министрлікке қызметке келді.