Мәдениет және спорт экс-вице-министрінің не үшін тергеліп жатқаны белгілі болды

0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов 6 наурызда өткен брифингте бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановтың не үшін ьергеліп жатқанын айтты.

Спикердің айтуынша, ол ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деп күдіктелген.

«Коммерциялық ұйымның мүддесі үшін әрекет ете отырып, ол 2018 жылы Петропавл қаласында Қазақстан мен Ресейдің XV өңіраралық ынтымақтастық Форумын ұйымдастыру жөнінде онымен шарт жасасуды қолдады. Бұл ретте форумды өткізу үшін смета негізсіз екі есеге ұлғайтылды. Бұл бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына алып келді», — деді Арман Тілеукенов.

Ол Қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражатқа сатып алынған мүлік анықталып, тыйым салынғанын атап өтті. Ұсталған соттың санкциясына қатысты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы сайланды. Тергеу жалғасуда.