Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия тағайындалды

0
ақорда
Фото: Аkorda.kz

Президент Нұрсұлтан Назарбаев мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия тағайындау туралы өкімге қол қойды.

“2018 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру туралы” өкім Ақорданың сайтында жарияланды.

Осы өкімге қосымшаға сәйкес 2018 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы берілсін. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын, – делінген құжатта.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!