«Мәдениет қайда?»: Кәмелеттік жасқа толмағандарға мешітке кіруге тыйым салу керек

0

Шымкентте ашылған жаңа мешіттің ішіндегі бір топ жастардың қылығы көптің ашуына тиді. Осыған байланысты журналистер мен қоғам белсенділері өз ойларын білдіріп жатыр.

«Мешіт құлшылық ететін орын. Қаламыздың ең үлкен мешіті кеше ашылып, бүгін келдім, алайда мешіт емес балалардың ойын алаңы сияқты, намаз уақытында да тынышталмады. Кедергі келтіріп, қызметкерлердің ескертуіне де қараған жоқ.

Халқымыздың мәдениетін көрсетеді, қаламызда тек бізден басқа қаншама күнделікті туристтер бар, өзіміздің мәдениеттен алыстап кеткенімізді көрсетеміз.

Мегаполисте ойын алаңдары аз емес, тіпті әкімдік тарапынан қазір әр тұрғын үйлердің алдында балаларға қауіпсіз ойын алаңдарын жасап берген. Мынау енді ұят!

Ұрпақ тәрбиесі — ұлт тәрбиесі!

Ой-санасы қалыптаспаған жастардың миын небір уағыздармен улап, сектанттарды өсіріп шығарады, деп жазды журналист Сәуле Әбілдаханқызы.

Құдай туралы, дін туралы мектепте мұғалімдер, үйінде ата-аналар айтып, оқытсын. Кәмелетке толған соң бала өзі таңдау жасауы тиіс.

Мешіт — балалар баратын да, ойнайтын да жер емес. Тіпті, мешіт — жаназа шығаратын да жер емес. Пайғамбардың да жаназасы өз үйінде шығарылған. Мешіт — намаз оқитын, құран оқитын жер. Тіпті, ол жерге кіруге 40-50-ден кейін ғана рұқсат беру керек. Адамға сана берсе, 40-50-ден кейін ғана өзін таниды, Құдайды таниды, бұ дүние мен о дүние туралы түсінік қалыптастырады. Оған дейін тек көкірек қазынасын ілім, біліммен толтыруы шарт.

Пайғамбарға да пайғамбарлық 40-тан кейін келген”, — деп жазды Дана Кежеқұлова.

фото: caravan.kz