Мәдениет министрі Қыдырәлі Болмановты қызметке тағайындады

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Танымал әнші әрі продюсер мәдениет саласы бойынша кеңесші болды

НҰР-СҰЛТАН, 4 қыркүйек – Sputnik. Белгілі продюсер, әнші Қыдырәлі Болманов мәденит және спорт министрінің кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ақпаратты мәдениет және спорт министрлігі растады.

«Бұл ақпарат рас. Қыдырәлі Болманов ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың мәдениет саласы бойынша кеңесшісі болып тағайындалды», — деді ведосмтво басшысының кеңесшісі Ерлан Жұрынбаев.

Бірақ ол шешімнің қашан қабылданғанын нақты айта алған жоқ.

«Бұл шешім бүгін қабылданған шығар. Ол жағын нақты айта алмаймын», — деді мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі.



sputniknews.kz