Мәдениет министрі: Лотерея ойнату жүйесі қатаң қадағалауға алынды — Қазақстан жаңалықтары

0

Парламент мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қабылданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Райымқұлова

Бұған қоса жаңа заңнамада заңсыз түрде лотерея ұйымдастырған адамдар жауапкершілікке тартылатындығы жайлы айтылған. 

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова сөзінше, заң жобасының басты мақсаты – лотереялық қызметті жүзеге асырудың жаңа ұстанымдарын одан әрі нығайту.

«2017 жылғы ақпандағы ҚР Үкіметінің қаулысымен «Сәтті жұлдыз» АҚ лотерея операторы болып анықталды. Жаңа заңға сәйкес, анықталған лоторея операторы лотерея билеттерін сату, қазақстандықтарға ұтыстарды төлеу, Қазақстан бюджетіне салық төлеу, спортты дамытуға төлемдер, сондай-ақ үш мыңнан астам шағын бизнес субъектілеріне қосымша табыс көздерін және жұмыс орындарын құру мәселесін қамтамасыз етті», — деді Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова.

Оның сөздеріне сүйенсек, құқықтық негіздерді одан әрі нығайту қажет етеді екен.  

«Лотерея туралы қысқаша түсіндірме бергім келеді. Лотереяда лотерея операторы қатысушылардың ақшасын жинайды және кейіннен оларды осы қатысушылардың арасында таратады. Барлығына емес, сәтті түскендерге кепілдік береді. Сонымен қатар, жиналған қаражаттың бір бөлігін елдегі спорттың дамуына бағыттайды. Лотерея операторының міндеті — ұтыстарды лотерея қатысушылары арасында еркін таңдау тәсіліменен бөліп беру. Оны өткізудің маңызды элементі – мемлекеттің әлеуметтік бағдарламаларын қолдау. Біздің елде қаражат спортты дамытуға бағыталады. Заң жобасы лотерея таратушылар агенттерінің қызметіне құқықтық негіз жасайды. Бүгінде лотерея операторымен келісімшарт бойынша агенттік қызметті жүзеге асыратын үш мыңнан астам субъект қызметін атқарып жүр», — деп түсіндірді министр.

Сонымен қатар шенеунік лотерея операторынан басқа жарнамада «лотерея» сөзін қолдануға тыйым салу енгізілетіндігін айтып кетті. 

«Бүгінде лотерея операторымен келісімшарт бойынша агенттік қызметті жүзеге асыратын үш мыңнан астам субъект қызметін атқарып жүр. Заңнамада «лотерея таратушысы» агенті ұғымының жоқтығынан құқықтық коллизиялар пайда болып, көптеген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, сондай-ақ лотерея операторының қызметіне кедергі тудыртып отыр. Мұнымен қоса, заң жобасында лотереяны заңсыз өткізгені үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленді, — деді Райымқұлова.

Бұған қоса Райымқұлова әлеуметтік желілерде ұйымдастырылатын ұтыс ойындарына шектеу қойылатынын ескерті. 

«Лотереялық қызмет атын жамылып, алаяқтық қызметті жүзеге асырудан, сондай-ақ жарнамада жалған лотереялық қызмет туралы ақпарат таратудан Қазақстан азаматтары қорғаусыз қалып отыр. Осыған орай лотерея операторынан басқа жарнамада «лотерея» сөзін қолдануға тыйым салу қарастырылды. Заң жобасымен ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне құзырет беру арқылы лотереялық қызметті тиімді әрі жедел мемлекеттік реттеу тетігі енгізіліп отыр. Яғни лотерея өткізудің ережелерін бекіту, лотерея өткізудің тәсілдеріне қойылатын талаптарды бекіту ескерілген. Бұл шаралар бір жағынан лотерея қызметі саласын дамытуды әрі ақпараттық технологиялар қолдануды шектемеуге мүмкіндік береді. Екінші жағынан, уәкілетті орган ретінде министрлікке лотерея қызметі саласындағы құқыққа қарсы қызметті тиімді шектеуге жол ашады», — деді шенеунік.

 

 

stan.kz