Мәдени орталықтағы кездесу

0

Ыстанбұлдағы Қазақстан мәдениет және сауда орталығының басшысы, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Түркия өкілі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Уәйіс Қызылорда облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаевті қабылдады. 

20 милионнан астам халық тұратын Ыстанбұлдағы Мәдениет және сауда орталығы Қазақстан мен Түркия арасындағы Байланыстың 31 жылдығы, Түркияның 100 жылдығы, ТҮРКСОЙ –дың 30 жылдығына орай бірқатар мәдени шараларды жүзеге асырды. 4 қабатты ғимараттың залында 100 фото-сурет көрмесі(авторы: фото тілші Ержан Уәйіс түсірген. Фото аппаратты президент Тұрғыт Озал сыйлаған). 

Ыстанбұлда тұратын Қазақ қандастарымыздың үйінде сақтаулы бұдан 120-150 жылдық тарихы бар қол өнер бұйымдары, көне жәдігерлердің көрмесі де осында өтті. Алаш арыстары Ахмет Байтұрсыновтың, Қазақ профессоры Абдулуақап Қараның «Мұстафа Шоқай» кітабі, Темірбек Жүргеновтың қазақшадан түрік тіліне аударылған кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті. Ғимаратта Ыстанбұлда оқитын қазақ жастарының қоғам үшін арнайы бөлме тегін берілді. Түркияның әр облысында оқитын студент жастарға орталықтың атынан «шәкірт ақы» тағайындалды. Орталықты қаржыландырып отырған   белгілі қазақ кәсіпкері, Түркия азаматы, Дүние қазақтары іс адамдар қауымдастығының төрағасы Ғанимет Қайсаның басшылығындағы JS Holding соңғы 20 жылда 20 дан астам зауыт-фабриканы іске қосты. 

Негізінен Шығыс Азия елдерінен күн және жел энергиясы қуатымен қамтамасыз етіп, жаңа заманауй қондырғылар жобасын жүзеге асырады. Өткен жылы Анкара маңында Полатлы елді мекенінде күн энергиясы қуатымен жаңа заманауй батериялар зауытын пайдалануға берді. Онда кәзір 600 адам жұмыс істейді. Енді наурыз айында Қайсері облысында қағаз картон шығаратын комбинатты іске қосады.

Сондай-ақ, Түркі дүниесіндегі мемлекеттер Қазақстан, Қырғызстан елдеріне де жаңа жобаларды әзірлеу үстінде. Сонымен бірге Қазақ елшілігі, Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулдығы, ТҮРКСОЙ-дың басшылығындағы шараларға тұрақты қатысып отырамыз. Қазақ қандастардан (диаспора) құралған Ыстанбұлдағы қоғамдармен де  жұмыс жасаймыз. Осы жылдың алғашқы жұмыс аптасында орталығымызға Түркі мемлекеттер ұйымының Бас хатшысы Қуанышбек Өмірәлиев, Бас хатшының орынбасары Мерей Мұқажан арнайы келді – деді Ержан Уәйіс. 

Қорқыт ата елінен келген Сыр өңірі ардагерлер өкілі жылы қабылдау үшін және де аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтің жаңа жылдық құттықтауы әрі жаңа қызметіңізге сәттілік тілеген сәлемін жеткізді. 

Өзіңіз соңғы 15 жылда жемісті еңбек еткен (Қызылорда облыс әкімінің кеңесшісі, облыс әкімінің орынбасары, облыстық тілдерді дамыту басқарма басшысы қызметін атқарған) өлкеміз өткен жылды жақсы жетістіктермен аяқтады. Облыстың дамуына үлкен серпін берілді. Көне шаһардың орталығында Сыр дария өзеннің жағасында «Анаға тағызым» сарайы, монумент комплексі, жастар үшін «неке сарайы» ғимараттары іске қосылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев облысқа келген сапарында осы нысандарда болып, облыста қарқынмен басталған үрдіс үшін облыс басшысына оң баға берді. Халыққа алғысын білдірді. 

Қазақстанның астанасы болған 100 жылдық тарихы бар Қызылорда да өнер ғимараты, мәдениет мекемелері, филармония үйі осы наурыз айында пайдалануға беріледі. Өткен жылы Қызылорда да «Түркі әлемі және Қорқыт баба»  өнер фестивалына барлық Түркі тілдес мемлекеттердің өкілдері, Түркиядан арнайы ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев мырза қатысты. Ресей патшалығы заманында салынған осыдан 120 жылдық тарихы бар теміржол бекеті (Вокзал) де қайта жөндеуден өтуде. 

17 елді мекенде денсаулық амбулотариялық бөлімшелер ашылды. 12 елді мекеніндегі ауылға табиғи көгілдір газ келді – деді, Серік Дүйсенбаев. 

Я. Аймақта қарқынды жұмыстар атқарлып жатқанын әлеуметтік желіден көріп Қазақстанға, Қызылорда облысына қатысты Түркиядағы шаралардан ақпарат хабарларды жазып отырмын. Атқарылған істер аймақ басшысы Нұрлыбек Мәшбекұлының үлкен іскерлік қабілетінің арқасында. Басшылық мектебінен өткен реформатор. Мен аймақ басшысымен бірнеше жыл қызметтес әрі әріптес болдым. Құрметім ерекше, арнайы сәлемімді жеткізіңіз.

Ғимараттағы 100 фото-сурет  және қолөнер бұйымдары көрмесімен танысты. Зейтұнбұрын ауданындағы ұлы ойшыл, Қазақтың бас ақыны Абайдың ескерткіші жанында естелік суретке түстік.

Ержан Уәйіс

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

ақпарат: https://www.facebook.com/share/p/heoHutqjoEHusByf/?mibextid=I6gGtw