М.Тазабек: “Асыл арнаны” жауып, орынына «Тәлімтв» ашамын

0

«Асыл арна» жыл аяғына дейін жаңа концепциясын дайындап, өз көрермендеріне «Тәлімтв» деген жаңа атпен жол тартып, ары қарай әлеуметтік — отбасылық, ғылыми — танымдық, мәдени — ағартушылық бағытта қызметін жалғастырады» деді М.Тазабек.

Бұл туралы ол бүгін Алматыда ҚМДБ ғұламалар кеңесінің кезекті кеңесі кезінде айтты.

«Біраз уақыт бұрын Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен кездескенде бүгін ғана тұсауы кесіліп жатқан “Халық арна” діни каналы жайында сөйлескен болатынбыз.

Егер діни канал ашып жатсаңыздар, “Асыл арнаны” жауып, орынына басқа арна ашамын, ал, діни контенттерді басы бүтін өздеріңізге тапсырамын” деп айтқан болатынмын.» деді М.Тазабек.