Лукашенконың гаражы: 31 қымбат көлікті Беларусь басшысына кімдер сыйлаған?

0

Беларусь қауіпсіздік күштерінің BYPOL ұйымы Беларусь президенті Александр Лукашенкоға кімнің пара бергені туралы жаңа тергеу жұмыстарын жариялады, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

BYPOL тергеуді киберпартизандар алған жол полициясы деректері негізінде жүргізді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы басты күрескер – сонымен қатар елдегі автокөліктің бас коллекторы», — делінген хабарламада.

Тергеу мәліметтері бойынша, соңғы бес жылда ғана жеке тұлғалар Лукашенкоға құны 6,18 миллион доллар болатын 31 көлік сыйлаған.

«Бұл сандар нақты емес және сатып алу кезіндегі нақты бағалардан өзгеше болуы мүмкін», — деді BYPOL.

Лукашенконың құны 2,58 миллион доллар тұратын көліктерінің көпшілігін беларусь олигархы Алексей Олексин сыйға тартқан. Екінші орынға — Қырғызстанның экс-президентінің ұлы Максим Бакиевтің әйелі Айжан Кененбаева жайғасты. Оның сыйлықтары 1,6 миллион долларды құрайды. Лукашенкоға 110 мың долларға атақты Tesla және жалпы құны 570 мың доллар тұратын басқа көліктерді олигарх Николай Воробей табыстаған.

Сондай-ақ Юрий Чиж, Сергей Тетерин, Александр Круглени, Светлана Коношенко, Анатолий Белов, Дмитрий Басков және Василий Савин де Лукашенкоға пара берген.