Лукашенко Назарбаевтың оны арақ ішуге мәжбүрлегенін айтты

0
225

Беларусь президенті Александр Лукашенко Қазақстан мен Ресейдің бірінші басшылары Нұрсұлтан Назарбаев және Борис Ельцинмен қалай ішімдік ішкенін еске алды. Оның айтуынша, Ельцин мен Назарбаев оны алкоголь ішуге мәжбүрлеген, ал өзі болса, мұны тек құрмет үшін ғана жасаған, деп хабарлайды kznews.kz сайты stan.kz-ке сілтеме жасап.

«Мен өзім ішетін адам емеспін, бірақ Ельцинмен аракідік ішіп тұруға тура келетін. Сыйлайсың немесе сыйламайсың. Енді сыйлайсың ғой. Мен ішімдікке мүлде шыдай алмаймын», – деп бөлісті Лукашенко Ельцинмен өткен уақыттарының бірімен.

Дәл осыған ұқсас жағдай Қазақстанның бұрынғы басшысы Назарбаевпен де болған.

«Егер Назарбаев отыра беріп, маған: «Саша, бір бір рөмкеден» – десе, мен не айтамын? Ішпеймін деймін бе?» – дейді Беларусь басшысы. Лукашенко бұған дейін организм ерекшеліктеріне байланысты ішімдік ішпеуге тырысатынын мәлімдеген.

Лукашенконың алкогольге деген көзқарасын бірқатар шешімдерінен аңғаруға болады. Мәселен, президент түнгі уақытта алкоголь сатуға шектеуді алып тастаған. Сонымен бірге ол белорустарды «еуропалық стильде» ішуге үйретуге ниет білдірген.

«Адамдар екі күнде бір рет 70-100 грамм арақ ішіп тұрса, мен оған қарсы емеспін. Бірақ біз 70-100 грамм дегенді білмейміз. Егер біз үстел басына жайғасатын болсақ, бірден бір литр ащы суды тауысып тастаймыз. Ал бұдан денсаулық жақсармайды. Сондықтан шарапты тұтынудың еуропалық нұсқасын үйрену қажет», – деп сынаған политик.