Лукашенко Назарбаевты туған күнімен құттықтады

Александр Лукашенко ҚР экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады.
«Халықаралық аренада Қазақстан имиджін қалыптастыру үшін көп күш-жігер жұмсадыңыз. Бүгінде Қазақстан өзінің өнеркәсіп әлеуетін сақтап қалған, нарықтық экономикасы бар, азаматтық қоғам негізі қаланған, этникалық және діни келісім орнаған мемлекет. Бұл көп ретте сіздің еңбегіңіздің арқасы», — делінген Беларусь президентінің құттықтауында.
Ол Нұрсұлтан Назарбаев екеуінің арасындағы достық қарым-қатынасты және ынтымақтасты ерекше бағалайтынын атап өтті.
Бүгін Қазақстанның тұңғыш президенті 83 жасқа толды.
фото: sputnik.kz