Лондонда жүрген Шымкент әкімі: Қазақстанды жақсы көремін
Қысқа сілтеме алу
Ғабидолла Әбдірахымов Ұлыбритания астанасынан туған жеріне жалынды сәлем жолдады
НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов неліктен Қазақстанда тұрып, жұмыс істегісі келетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұл туралы ол Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жазды.
«Лондоннан сәлем жолдаймын. Таңғы астан кейін Гайд-паркте серуендейін деп шештім. Лондон – әлемнің астанасы. Әрине, оны дәлелдеудің қажеті жоқ шығар. Бірақ мен Қазақстанды жақсы көремін. Қазақстанда тұрып, сонда жұмыс істеп, әлемге саяхат жасау керек», — дейді Лондонға жұмыс сапарымен барған Шымкент әкімі.
Әкімнің пайымынша, өз елінің патриоттары үшін бұл – үлкен бақыт.
«Мен балаларымызға, жастарымызға «Қазақстанда табысты жұмыс істеп, өз мақсаттарына жетіп, әлемді араласын» деп тілеймін», — деп толықтырды Әбдірахымов.
Осы орайда Шымкент басшысы қазақстандықтарға мұндай мүмкіндік 1993 жылы берілгенін атап өтті.
Тағы оқыңыз: «Паранжа киіп жүрейін бе?» Шымкент әкімі киіміне қатысты сұраққа жауап берді
«1993 жылы президент «Болашақ» стипендиясын тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. Мен өз еліме, Елбасыға, үлкен буынға алғысымды білдіремін. Олар мемлекеттің іргетасын қалыптастырып, бізге ақыл-кеңестерін айтып, қолымызға белгілі бір салаларды, қызметтерді беріп жатыр. Менің ойымша, Қазақстанның болашағы жарқын. Мен оған сенемін», — дейді ол.
Айта кетейік, Ғабидолла Әбдірахымов 2015 жылдың 19 тамызынан 2017 жылдың қазанына дейін Шымкент қаласының әкімі қызметін атқарған. Кейін «Нұр Отан» партиясының хатшысы болды. Ал 2018 жылдың 20 маусымында Шымкент қаласының әкімі қызметіне қайта тағайындалды.
sputniknews.kz