Лондон орталығында Димаштың концерті жарнамалануда
Лондон орталығындағы экрандарда қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің концертін жарнамаланып жатыр.
«Жасасын! Лондонда, қаланың орталығында Димаш Құдайбергеннің осы жылдың 19 қарашасында өтетін жеке концертінің жарнамасы шықты», — деп жазады әншінің поляк фан-клубының өкілі Тереза Конколь Инстаграмдағы парақшасында.
19 қараша күні Лондағы әйгілі «Royal Festival Hall» залында Қазақстанның Ұлыбританиядағы Мәдениет күндері аясында Димаш Құдайбергеннің жеке концерті болады. Шоу Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Ұлыбританияның және Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылады. Концерттен жиналған қаражат Қазақстандағы жас дарын иелерін қолдауға жіберіледі.
Оның тыңдармандары билеттерді түгел дерлік сатып алған. 19 қазан күні сатылымға шыққан билеттің қазіргі кезде 80%-ы өтіп кеткен. Билеттен түскен қаражат Қазақстандағы жас таланттарды қолдауға жұмсалады.
«Достар! Мен сіздермен Лондонда кездесуді тағатсыздана күтемін! Дайындалыңыздар! Сіздерге тосынсый әзірледім. Керемет шоу болады! Сондай-ақ, сатылымда біраз билеттер қалды. axs.com сайтына кіріп, билет сатып алыңыз», — деп жазды ол әлеуметтік желі парақшасына.