Ломбардқа шабуылдаған жігіт кепілдікке адам алған ба: Елорда полицейлері мән-жайды баяндады (видео) – Қазақстан жаңалықтары

0
88

Желіде ломбардқа шабуыл жасалғаны, кепілдікке адам алынғаны туралы ақпарат тарады. Елордалық полиция департаменті бұған пікір білдірді.

«WhatsApp пен әлеуметтік желіде қалалық ломбардқа шабуыл жасалғаны, белгісіз адамның кепілдікке адам алғаны айтылды. Видеоға түсірушінің кепілдікке адам алынғаны жайлы айтқаны шындыққа жанаспайды», – дейді полицияда.

Криминалды полиция басқармасының мәліметінше, 3 сәуірде белгісіз біреудің ломбардқа шабуыл жасағаны белгілі болды. Қызметкерді қаруға ұқсас затпен қорқытып, ақша талап еткен. Ақшаны алып, оқиға орнынан жасырып қалды. Күдіктіні ұстау шаралары жалғасуда.

«25-27 жастағы жігіт шабуыл жасаған. Бойы 175-177 см. Бетінде күннен қорғайтын көзілдірік болды. Медициналық бетперде тағып, қара күрте киген. Көк түсті шалбар мен ақ-қара түсті кроссовкада болды», – делінген полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

stan.kz