Home Жаңалықтар «Локдаун енгізуге мәжбүр боламыз»: Нұр-Сұлтанның бас санитарлық дәрігері қаладағы ахуал туралы айтты

«Локдаун енгізуге мәжбүр боламыз»: Нұр-Сұлтанның бас санитарлық дәрігері қаладағы ахуал туралы айтты

0
14
Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қалада вирус жұқтырғандар санының аяқ-астынан көбею себебін айтты. Алдағы уақытта вирус жұқтыру қарқыны дәл осылай жалғасатын болса, локдаун енгізілуі мүмкін екенін жеткізді ол, деп хабарлайды kznews.kz ақпарат агенттігі.

нурсултан карантин

«Кеше елордада 1500-ден астам адам коронавирус індетіне шалдықты. Бұл өте жоғары көрсеткіш. Одан бөлек, 2245 адам стационарлық емді талап етеді, қазір олар ауруханада жатыр. Және 8 мыңнан астам науқас емханада және 201 адам реанимацияда ем алуда. Өкінішке қарай, өлім жағдайы да жоқ емес, күніне 15 науқас аталған індеттен мерт болуда. Бүгінде денсаулық сақтау саласы қиын сәтті бастан кешуде, әрине біз өз кезегімізде бар күш-жірегімізді жұмсаймыз. Статистика көрсетіп отырғандай қазір қаладағы індеттің қарқыны өткен жылғы жазғы жағдайды қайталап отыр, тіпті одан да жоғары болмаса төмен емес. Бар-жоғы 2-3 күннің ішінде коронавирус жұқтырушылардың қарқыны күрт өсті. Көрсеткіш демалыс күндері Бурабайда демалып келген тұрғындардың есебінен жоғары болып отыр. Демалыс кезінде астаналықтардың Бурабайға ағылғанын бәріңіз байқаңыздар», – деді Тимур Мұратов Инстраграмдағы тікелей эфирде.

Сонымен қатар, Мұратов локдаун енгізілуі мүмкін екенін айтты.

«Локдаун мәселесі бүгінде бәрін толғандырып отыр. Әрине қиын жағдай, бірақ бәрі өзімізге байланысты. Егер біз жеке бас қауіпсіздігін алдыңғы орынға қойсақ, жағдай өзгереді. Қарапайым ғана маска тағу, арақашықтық сақтау, көпшілік жиналатын орынға бармау деген секілді қиғадаларды сақтасақ жетіп жатыр. Сондай-ақ, әрине вакцина алу да маңызды. Вирустың қол-аяғы жоқ оны таратып, жұқтыратын өзіміз. Яғни сақтансақ, індетке шалдығушылардың саны азаяды, тиісінше локдаун енгізу мәселесі де жойылады. Ал індеттік жағдай үделеуін тоқтатпаса, онда қосышма шара қабылдауға тура келеді. Себебі қаншама жан ауырып, одан қалды мерт болып жатқанда, шұғыл әрі оңтайлы шешім қабылдау талап етіледі», – деді Тимур Мұратов Инстраграмдағы тікелей эфирде.

Басқарма басшысы індет өрши түскен жағдайда қосымша госпиталь ашып, төсек-жайлардың санын арттырып, сол сияқты қажетті құрал-жабдықтар мен дәрі-дәрмекпен қамтылатынын айтты.

«Аурумен күресте мамандар мәселесін де ұмытпаған жөн. Қазіргі уақытта елордада 6 мыңнан астам дәрігер мен медбике індетпен күресіп жатыр. Жалпы қалада 21 мың медицина қызметкері еңбек етіп жатыр. Жағдай нашарлай түссе, індетпен күреске қосымша мамандар тартатын боламыз, оның үстіне коронавирустан басқа да аурудан емделіп жатқан жандар бар», – дейді ол.