Логикалық ойындар, пішінін, көлем, 5

0

5 — 6 жастағы балаларға арналған логикалық ойындар жиынтығы
ЛОГИКАЛЫҚ БЛОКТЫ ОЙЫНДАР МЕН ЖАТТЫҒУЛАР

ОҚЫТУ — ТӘРБИЕЛЕУ ҮРДІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

Жоғарыла айтылғандай балаларда логикалық ойлауды қалыптастыруда бірінші орында Дьеныштың блоктарын қойдым. Логикалық блоктарды математика сабағында қолданудың міндеттерін анықтадым.
1. Логикалық ойлауды дамыту. Көптік туралы ойын дамыту (салыстыру, бөлу, топтау).
2. Нысанның ерекшелігін ажырата білу, оларды атау, ерекшеліктері бойынша заттарды ажырату, ұқсас және ерекше тұстарын айту, өз пікірін негіздеу.
3. Нысанның пішіні, түсі, көлемі мен жуандығымен танысу.
4. Алаңдық елестетуді дамыту.
5. Оқу және тәжірибелік тапсырмаларды өз бетінше шешуде машықтары мен қабілеттерін, білімін жетілдіру.
6. Ойлау үрдісін, шығармашылық қабілетін, елестетуін, фантазиясын, моделдеу қабілеттерін дамыту.

Ерекшеліктерді анықтау және абстрактылау
Бұл топтағы ойындар мен жаттығулар балалардың заттың бірден бастап төртеуге дейін ерекшеліктерін (түсі, пішіні, көлемі, жуандығы) ажырату, бірінен екіншісін абстрактылау, аттарын атау қабілеттерін дамытады. Осының көмегімен балалар алғаш рет ерекшеліктерді белгілері мен символдарына қарай орналастырудың не екендігін ұғынады, әрекеттерді жасағанда ережені қатаң ұстануға үйренеді, ережені бұзып, дұрыс жауабын таба алмайсың деген түсінікті жете ұғына бастайды.

ҚАЗЫНАНЫ ТАП
Мақсаты. Заттарды жалпылау, олардың түсін, пішінін, көлемін, жуандығын атай білу қабілеттерін дамыту.
Материал. 8 төртбұрышты логикалық блоктар, қағаздар жасалған дөңгелектер (қазына), түс, пішін, көлем, жуандық белгілері салынған карточкалар (1 және 2 нұсқалар үшін).
Мазмұны
I
Балалардың алдында 8 төртбұрышты блоктар жатыр: 4 – көк (үлкен жіңішке, кішкентай жіңішке, үлкен жуан, кішкентай жуан) және 4 — қызыл (үлкен жіңішке, үлкен жуан, кішкентай жіңішке, кішкентай жуан). Балалар – қазынаны іздеушілер, қағаздан жасалған дөңгелектер – қазына.
Қазына іздеушілер теріс қарап тұрады, жүргізуші блоктардың бірінің астына қазынаны жасырады. Қазынаны іздеушілер блоктардың әртүрлі ерекшеліктерін айтып отырып, оны іздейді. Кім қазынаны тапса, қазына соныкі болады, ал блоктардың бірінің асытна жаңа қазына жасырады.
Жүргізуші (тәрбиеші, ата — ана, бала) алдымен қазына іздеушінің ролін өзі атқарады, яғни қазынаны қалай іздеу керектігін көрсетеді. Блоктардың әртүрлі ерекшеліктерін айтады. Егер жүргізуші қазына жасырылған блоктың ерекшеліктерін дұрыс айтса, балалар «ия» деп айтуы керек, ал қате айтса «жоқ» деулері керек. Мысалы, жүргізуші:
— Қазына көк блоктың астында, — дейді
— Жоқ, — деп жауап береді балалар.
— Сарының астында ма?
— Жоқ
— Үлкеннің астында ма?
— Жоқ
— Жуанның астында ма?
— Ия
Қазына іздеушілер тексеріп көреді, егер олар қазынаны тапқан болса, өздеріне алады да, ал таба алмаса, одан әрі іздейді. кім көп қазына тапса, сол жеңімпаз болады.
Ойынды қайталайтын болсақ, блоктарды пішіндері мен түстеріне қарай ауыстыруға болады (сары және қызыл тіктөртбұрыштар, сары және жасыл шаршы, көк және қызыл дөңгелектер және т. б.).
Ерекшеліктері бар карточкалар жүргізушіде болады. Блоктардың саны 16 — ға дейін көбейеді. Олардың санына бір түсті барлық блоктар енеді, бірақ олардың пішіндері, көлемі мен жуандықтары әртүрлі болады. Ойыншылар қазына жасырылған фигураның кез — келген екі ерекшелігін атап айтулары керек. Қазынаны іздеу барысында олар бірден екі ерекшеліктерді атап айтады. Айтылған әрбір ерекшелікке жүргізуші тиісті белгісі қойылған карточканы қояды. Мысалы:
— Үлкен дөңгелек фигураның астында?
— Жоқ
— Тіктөртбұрышты кішкентайдың астында?
— Тіктөртбұрыштының астында («тіктөртбұрыш» карточкасын салады) бірақ кішкентай емес.
— Үлкен төртбұрыштың астында ма?
— Ия, (алдында қойылған карточкаға «үлкен» карточкасын қосады).
Блоктың екі бірдей ерекшелігін дұрыс көрсеткен ойыншы ғана блокты көтеріп, оның астында қазынаның бар, жоқ екендігін тексере алады.
Ойынды қайталаған жағдайда басқа түсті блоктарды алған дұрыс.
III
Блоктардың саны — 24: барлығының көлемдері біркелкі, бірақ пішіндері, түстері мен жуандықтары әртүрлі немесе қалыңдықтары жағынан барлығы бірдей, бірақ пішіндері, түстері мен көлемдері жағынан әртүрлі.
Қазына іздеушілер қазынаны іздегенде олар бірден үш ерекшелікті атаулары тиіс. Жүргізуші әрбір дұрыс табылған ерекшелікті карточкалармен нақтылайды. Мысалы:
— Қызыл, үлкен дөңгелектің астында ма?
— Қызыл («қызыл түсті» карточканы салады) бірақ үлкен және дөңгелек емес.
— Қызылы, кішкентай үшбұрыштың астында ма?
— Қызыл, кішкентай (карточкаларын салады) бірақ үшбұрыш емес.
— Қызыл кішкентай төртбұрыштың астында ма?
— Ия («тіктөртбұрыш» тағы бір карточкасын қояды)
Барлық үш ерекшеліктерді дұрыс атаған ойыншы көрсетілген блокты көтереді де, қазынаны өзіне алады.

2. «ОЙЛАН ТАП»
Мақсаты. Заттардың ерекшеліктері атау (түсі, пішіні, көлемі, жуандығы), жалпылау оларды анықтау қабілеттерін дамыту, заттың қандай дабір нақты ерекшелігінің жоқ екендігін сөзбен айтып жеткізу (қызыл емес, үшбұрышты емес және т. б.).
Материал. Логикалық блоктар, Буратино ойыншығы, ерекшелік — карточкалары (2 және 3 нұсқалар үшін).
Мазмұны.
I
Жүргізуші қандай да бір ойын персонажының атынан мысалы, Буратиноның атынан балаларға былай дейді: «мен өз достарымды қуантқанды жақсы көремін, ал бәрінен бұрын оларға сыйлықтар сыйлағанды ұнатамын, мен өзіммен бірге бір қорап толы сыйлықтар әкелдім (қорапты көрсетеді). Мұнда шоколадтар, машиналар, қуыршақтар, бәрі — бірі бар. Мен Мальвинаға да арнап сыйлық таңдадым. Сендер де өз достарыңа сыйлықтар таңдай аласыңдар. Бірақ ол үшін сендер алдымен менің Мальвинаға қандай түсті сыйлық арнағанымды табуларың керек. Мен қазір ол сыйлықты қораптан алып, жасырамын».
Буратино блоктардың біріне жасырады, балалар оның түсінің қандай екенін табуға кіріседі. Кім тап, сол бала досына сыйлық таңдай алады. Ол блокқа сыйлықты жасырып, оның қандай ерекшелігін табу керектігін айтады.
Ойында әр кезде блоктың бір ғана ерекшелігі табылады.
II
Буратино блокты жасырып, оның екі ерекшелігін табу бойынша тапсырма береді (мысалы, тасбақа Тортиллаға таңдаған орамалдың түсі мен пішіні қандай екенін сұрайды). Шешу кезінде балалар сыйлықтың екі ерекшелігін айтулары керек. Егер олар тек бір ғана ерекшелігін айтса, Буратино ережені естеріне түсіріп отырады. Балалар екі ерекшеліктің бірі шешкен жағдайда Буратино оның дұрыс екенін айтады да, тиісті карточканы қояды («тіктөртбұрышты» бірақ көк емес, «сары» бірақ «үшбұрышты емес»). Кім дұрыс шешсе, сол Буратиноны алмастырады, соның орнына сыйлық таңдап, оның қандай екі ерекшелігін табу керек екендігін айтады (түсі мен пішіні, пішіні мен көлемі, көлемі мен жуандығы және т. б.).
Егер балалардың ойын тапсырмаларына деген қызушылықтары болмаса (досына сыйлық таңдау), оларға жаңа үлгідегі ойын ұсыныңыз, мысалы, логикалық блоктардан қала салу. Бұл жағдайда бас құрылысшы қаланың жобасын бастайды.
5 — 6 жастағы балаларға арналған логикалық ойындар жиынтығы жүктеу

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/