Людмила Бюрабекова жаңа қызметке тағайындалды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Қарағанды мемлекеттік медицина академиясының 1997 жылғы түлегі тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігі және сапасын бақылау комитетінің төрағасы қызметін атқарған

НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір – Sputnik. Үкімет қаулысымен  Людмила Бюрабекова денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz сайты.

Людмила Бюрабекова 1973 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 1997 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын, 2004 жылы Қазақ фармацевтика институтын, 2014 жылы Халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2004 жылы Х.Ж.Мақажанов атындағы Қарағанды көпсалалы клиникалық ауруханасында дәрігер-фармаколог болып бастаған.

2005-2007 жылы Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының бас маманы болып жұмыс істеді.

2007-2009 жылы Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының стратегиялық даму және дәрі-дәрмектер саясаты жөніндегі бастығының орынбасары.

2009-2017 жылдар аралығында денсаулық сақтау министрлігіне қарасты мекемелерде, Республикалық балалар оңалту орталығының стратегиялық даму және пациенттердің қауіпсіздігі басқармасында, Ұлттық медицина холдингінде, «Республикалық санитарлық авиация орталығы» оқу-клиникалық бөлімінде, Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығында, Президент іс басқармасының медицина орталығының бас инспекторы, басшысының орынбасары болып еңбек еткен.

Ал 2017-2019 жылы Фармация комитетінің төрайымы болды.

2019 жылдың мамыр айынан бүгінге дейін денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігі және сапасын бақылау комитетінің төрайымы лауазымын атқарып келді. 



sputniknews.kz