Ливанда жойқын жарылыс: ҚР елшілік ғимараты бүлініп, дипломат жарақат алды (ВИДЕО)

0

Бейруттағы теңіз портындағы жарылыс туралы

Ливандағы қазақстандық дипломаттардың ақпараты бойынша, ағымдағы жылғы 4 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00 шамасында Бейруттағы теңіз портының базасында бірнеше қатты жарылыс болды. Жақын маңда орналасқан үйлерде, сондай-ақ жарылыс эпицентрінен бірнеше шақырым жерде орналасқан ғимараттарда терезелері шағылды.

Жергілікті биліктің алдын-ала ақпараты бойынша, теңіз портында пиротехникасы бар кеме жарылған. Жарылыс салдарынан Ливандағы ҚР дипломатиялық миссиясының ғимаратына зиян келтірді.

Жарылыс кезінде дипломатиялық миссияның қызметкерлері жұмыс күні аяқталғаннан кейін жұмыс орнынан кетіп қалған. Консул жұмыста қалған болатын және жарылыс толқыны салдарынан жеңіл жарақат алды.

Ливан премьер-министрі Хасан Дияб Бейрут портындағы жарылыс 70-тен астам адамның өмірін қиған.

Ливан премьер-министрінің айтуынша, жарылыс алты жыл ішінде 2750 тонна аммиак селитрасын дұрыс сақтамау салдарынан болған.