Литвада Ресей пайдасына тыңшылық еткен екі азаматты сотталды

0

Шяуляй соты Ресей пайдасына тыңшылық етті деген айыппен Литваның екі азаматын төрт жыл тоғыз айға түрмеге кесті.

Сотталғандардың аты аталмайды. Бірі – 1961 жылы, екіншісі 1966 жылы туған азамат екені белгілі. Тінту кезінде олардан 6,5 мың еуроға жуық ақша тапқан. Тергеушілер дерегінше, сотталғандар тыңшылық бабымен күдікке ілінген ұйымға ақпарат сатқан. Сотқа дейінгі тергеу кезінде ұйымның Литвадағы әскери әуебазасының құжаттарын іздестіргені анықталған.

Сот процесі жабық өтті. Екі азамат та бұған дейін өздеріне тағылған айыпты мойындаған еді. Олар 2017 жылдың желтоқсанында ұсталған. Литва арнаулы қызметі олардың шетелдік барлауға деректерді жіберіп жатқанын анықтаған.

Литвадағы соңғы жылдары Ресей пайдасына тыңшылық ету оқиғасы бірнеше рет тіркелді. Сәуірде Литва соты Клайпеда қаласының тұрғынын жеті жылға соттаған. Прокуратура дерегінше, Литва азаматы Роман Шушель әскерилер мен елдің стратегиялық нысандары туралы дерек жинаған. Шушель өзіне тағылған айыпты мойындамады. 2016 жылдың наурызында Литва азаматы Ресей арнайы қызметіне ақпарат жібергені үшін 12 жылға сотталған. 2015 жылы да тыңшылықпен айналысты деген күдікпен бірден бірнеше адам ұсталып еді. Оның ішінде Ресей азаматтары да болған.

Ресей сыртқы істер министрлігі бірнеше рет «тыңшылық дауларына Вильнюстің русофобиялық саясаты себеп» деп мәлімдеген.

Azattyq