Лифтіге сыра ішіп кірген астаналық полицейлер видеоға түсіп қалды

0

Лифтіге сыра ішіп кірген полицейлер видеоға түсіп қалды.

Видео әлеуметтік желіде тарады.

Желі қолданушыларының ойы екіге бөлінген. Бірі бұл полицейлердің жұмыс уақытынан тыс кезде болған жайт екенін айтса, енді бірі полицейлер қоғамдық орында сырамен көзге түспеуі керек еді дейді.

Бұл дерекке қатысты Астананың Полиция департаменті өкілдері жауап берді. Видеоға қатысты қызметтік тексеріс жүргізілген.

«Тексеріс нәтижесінде қызметкерлер кезекшіліктен кейін үйіне қайтып келе жатқаны анықталды. Қызметкерлердің құрамында спирті бар сусынды сатып алуы және ішуі анықталмаған. Нысанды киім-кешекті бұзғаны үшін қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Заңның бұзылуына жол бермеу туралы жеке құраммен жұмыс жүргізілді», — дейді ПД өкілдері.

ақпарат: /Massaget.kz