Лифтідегі қанды оқиға: Теміртаулық келіншекті қызғаныштан өлтірген

0
Оқиғалар

Қысқа сілтеме алу

161 0 0

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері алдымен марқұмның бірге тұрған жігітін ұстады

АСТАНА, 15 қараша — Sputnik.  8 қарашада Теміртау қаласында көп қабатты үйдің лифтінде адам мәйіті табылды. Қаза болған әйел 32 жастағы Наталья Никитина болып шықты. Бұл туралы жергілікті Etemirtau сайты хабарлады.  

Жас әйелдің өмірін қиған жантүршігерлік трагедия №21а үйде болған. 8 қараша күні кешке көпқабатты үйдің тұрғындары лифт жұмыс істемей тұрғанын байқаған. Олар 10-қабатта тұрып қалған лифтіден әйелдің денесін тауып алады. Қаза болған адам үйдің 32 жастағы тұрғыны Наталья Никитина болып шықты.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері алдымен марқұмның  бірге тұрған жігітін ұстады, ол қанды оқиғаға қатысы жоқ екенін айтып сендірген. Сол күні 37 жастағы әйел ұсталып, қылмыс жасағанын мойындады. Кісі өлтіруге қызғаныш себеп болған. Алдын ала болжам бойынша, күдікті Натальяның жігітімен көңілдес болған. Әйел ұсталып, уақытша ұстау абақтысына жабылды.       

«Бұл факт соталды тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді, тиісті сараптамалар тағайындалды, алдын ала тергеу жүргізіліп жатыр», — дейді Қарағанды облысы Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Жаңатай Сембеков.

Ақтөбеде журналист лифтіде жаншылып өлді 

Наталья Никитинаның өлімі оның отбасы мен жақындарын есеңгіретіп қойды.  Ресейде тұратын бауыры Теміртауға келді. Ол ең алдымен мәйітханаға барғанын айтады. Енді Артем Никитин кісі өлтірушінің қатаң жазаланғанын талап етіп отыр. 

Наталья Никитинаның өлімі фактісі негізінде 99-баптың бірінші бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыскер 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.