«Лифт» фильмі АҚШ-та үздік атанды

0
Мәдениет

Қысқа сілтеме алу

31 0 0

Нұртас Адамбайдың фильмі режиссура, операторлық жұмыс және «үздік драмалық фильм» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды

АСТАНА, 15 қараша — Sputnik. Қазақстандық режиссер Нұртас Адамбай түсірген «Лифт» фильмі Genre celebration 2018 жанрлық кино фестивалінде бірнеше жүлдеге ие болды.

Қазақстанда ғана емес, шетелде де танымал режиссер, «Келинка Сабина», «Я жених» және тағы басқа фильмдердің авторы бұл қуанышты жаңалығы туралы Facebook парақшасында бөлісіп, сүйінші сұрады.

«Ура! Сүйінші! «Лифт» фильмі Лос Анджелестегі жылма-жыл өтетін «Genre celebration 2018» халықаралық жанрлық кино фестивалінде үш жүлдені жеңіп алды! «Үздік драмалық фильм», «Үздік режиссура» және «Үздік операторлық жұмыс». Сонымен бірге «Үздік монтаж» үшін де сыйлыққа ие болуымыз мүмкін», — дейді Адамбай.

Режиссер еске сала кеткендей, екі жыл бұрын осы фестивальде «Тараз» фильмі жеңімпаз атанған еді.

Нұртас Адамбайдың хабарлауынша, фестиваль ұйымдастырушылары фильмнің Amazon сайтында сатылуына қол ұшын созғалы отыр, өйткені фильмнің америкалық көрерменге ұнайтынына сенімді көрінеді.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз