ЛХР басшысы Зеленскийдің уәдесіне қатысты пікір білдірді

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Луганск халық республикасының басшысы Леонид Пасечник Зеленский үміт сыйлаған президент боп қала беруі мүмкін дейді

НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан – Sputnik. Ресми Киев Донбасста бейбітшілік орнатуға қатысты бірнеше мәлімдеме жасады. Бұған қоса Украина президенті Владимир Зеленский бір жылда сол жердегі шиеленісті шешуге уәде берді. Өз егемендігін жариялаған Луганск халық республикасының басшысы Леонид Пасечник ел бұл уәделерді қалай қабылдағанын айтып берді.

«Біз Донбасста бейбітшілік орнатуға қатысты қандай да бір жаңа жоспарлар жайлы естіп жатамыз. Бұл жаңа саяси сәннің бір бөлігі іспетті. Бұрын Украина саясаткерлері Донбасс халқын жою әдістерін суреттегенде алдына жан салмайтын. Одан кейін Украина болашағына қатысты өз ойларын айтты. Ал енді күзде шиеленісті реттеу жоспарын ұсыну уақыты келді», — деді Леонид Пасечник РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында.

Луганск халық республикасы басшысының айтуынша, әр саналы адам Украина «Минск форматынан» аттап өте алмайтынын түсінеді.

«Басқа амал мен жол іздеп, түрлі сылтау ойлап тауып, «норманд форматы» тақырыбында қалжыңдай салу енді қолдан келмейді. Шаралар кешені – бұл оқу мен есте сақтауға болатын аксиома. Онда барлығы түсінікті етіп, ретімен жазылған. Сондықтан Зеленскийге өзі үшін басқалар ойлап, жазып берген нұсқауды рет-ретімен орындау жеткілікті болып тұр. Егер істей алса – бейбітшілік орнайды, істей алмаса – үміт сыйлаған президент боп қала береді», — деп сеніммен айтты Пасечник.



sputniknews.kz