Lexus, Toyota, Audi: Астана әкімдігі қымбат көліктерден бас тартты
Елорданың әкімдігі қандай көліктерден бас тартқанын және темір тұлпарларды қайда жіберетінін айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.
Қалалық биліктің айтуынша, бөлімнің балансында түрлі брендтердің автокөліктері: Skoda Superb мен Octavia; Kia Cerato, Quoris, Mohave, Cadenza; Toyota Camry; AudiA8; үш Lexus LX болған.
Әкімдік бас тартқан көліктер әртүрлі әлеуметтік және ведомстволық мекемелерге жіберілген.
Олардың қатарында полиция, «Елордалық Даму», «Жаснұр», экономикалық бөлім, театрлар, перинаталдық, оңалту және басқа да медициналық орталықтар, балалар үйлері, колледждер, мектептер, прокуратура, кітапхана, тұрғын үй қоры, мемлекеттік мұрағат, клиника бар.
Бұдан бұрын Астана әкімдігі ресми көліктерден бас тартқаны белгілі болған екен.
Енді қала басшысы мен оның орынбасарлары, округтер басшылары және барлық лауазымды адамдар жұмысқа қажеттілік туындаған кезде такси көмегіне жүгінеді.