Левиттің дау тудырған жекпе-жегі: төрешілерге қатысты шешім қабылданды

0

Спорт

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Қазақстандық боксшы Василий Левит 2016 жылы Олимпиадада алтын медаль үшін жекпе-жек өткізген болатын. Төрешілер жеңісті ресейлік Евгений Тищенкоға берді

НҰР-СҰЛТАН, 21 қараша — Sputnik. Рио-де-Жанейро Олимпиадасындағы төрешілер Токио олимпиадасында болмайды. Халықаралық олимпиада комитеті осындай шешім қабылдады.

Басты себеп: кәсіпқой деңгейдегі бокс турнирлерін барынша ашық өткізу. Енді Олимпиаде-2020-да жұмыс істегісі келетін төрешілер арнайы аттестациядан өтуі тиіс. Сондай-ақ, комиссия әрбір үміткердің биографиясын жіті тексереді, деп хабарлайды Sports.kz.

Левит – Тищенко жекпе-жегі

2016 жылы өткен Олимпиадада Василий Левит 91 келі салмақ дәрежесінде 0:3 есебімен ресейлік Евгений Тищенкодан жеңілді. Жанкүйерлер мен сарапшылар Левиттің жеңгеніне сенімді болды. Қазақстандықтар жекпе-жектің шешімін қайта қарауға электронды петиция жасады.  



sputniknews.kz