Левиттің әлем чемпионатындағы жекпе-жегінен кейін бапкерлер жазаланды

0

Спорт

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Қазақстанның бокс федерациясының бапкерлер штабы Ресейде өткен әлем чемпионатының қорытындысын талдады

НҰР-СҰЛТАН, 3 қазан — Sputnik. Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен әлем чемпионатында болған жағдайдан кейін бокстан ұлттық құрама команданың барша бапкеріне сөгіс жарияланды. Бұл туралы Қазақстанның бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Бокс федерациясының бапкерлер штабы әлем чемпионатының қорытындысын талдады. Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левит жартылай финалда эквадорлық боксшымен кездескен болатын. Төрешілер эквадорлық басым түсті деген шешім қабылдады.

Ережеге сәйкес, қазақстандық бапкерлер жекпе-жек аяқталған соң 60 секунд ішінде төрешілерге сары қағаз беруі тиіс. Алайда секунданттар мұны жасамаған. Ал рингке қайта оралған кезде кеш болды.

«Біз жеке бапкерлер мен федерация жетекшілігін шақырдық. Олардың өкілдігін бөліп бердік. Мұндай жағдайда кімнің не істеуі керек екені айтылды. Болашақта мұндай қателікті қайталамау үшін осылай жасап отырмыз», — деді Қазақстан бокс федерациясының бапкерлер штабымен жұмыс жөніндегі вице-президенті Юрий Цхай.

Бапкерлер штабы әлем чемпионатындағы нәтиже жаман емес деп отыр. 26 қараша күні – Сәкен Бибосынов, Санатәлі Толтаев, Әйбек Оралбай, Римма Волосенко бапкерлерімен бірге Жапониядағы турнирге аттанады. Бірақ оның нәтижесі Олимпиадаға іріктеу кезінде ескерілмейді.

Тағы оқыңыз: Зал шулап кетті: Левит төрешілердің шешіміне аң-таң болды – видео

Айта кетсек,  Олимпиаду-2020-ның лицензиялық турниріне дейін төрт ай қалды.



sputniknews.kz