Левитпен бірге ала-құла қазақ боксы да нокаут алды — сарапшы
Бұл пікірді Токио олимпиадасынан тікелей хабар таратып отырған спорт журналисті Руслан Меделбек айтты.
«Төрт жылғы төккен тердің «нәтижесі» осы болды. Левит Токиоға фаворит болып келген.
Бүкіл халықаралық сарапшылар, соның ішінде спорт статистикасын жүргізетін америкалық Gracenote компаниясы Левитті Токиода алтын алады деп болжаған. Не болғанын бапкерлер һәм Левиттің өзі анықтай жатар. Бірақ Токиоға алтын үшін келген боксшының карьерасының нокаутпен аяқталғаны өкінішті.
33 жастағы боксшы Парижге бара ма? Қиын, жас өз дегенін алады. Бүгін Левит ғана емес соңғы кезде ала-құла болып жүрген қазақ боксы да нокаут алды» деп жазды журналист.