Левандовски мергендер көшін бастады

0

Мәселен, мергендер көшін Роберт Левандовски бастап тұр. Мюнхеннің «Бавария» клубының сапында өнер көрсететін 30 жастағы польшалық легионер қарсыластар қақпасын 8 рет дәл көздеді. Бір кереметі, топтық турнирдің соңғы үш кездесуінде ол голдан соқты.

Екінші орында – Лионель Месси. Испанияның «Барселона» клубының намысын қорғайтын Аргентинаның сұрмергені 6 мәрте нысананы дәл көздеді. Тағы алты ойыншы бес реттен мергендік танытты. Олар – Неймар (ПСЖ), Эдин Джеко («Рома»), Душан Тадич («Аякс»), Андрей Крамарич («Хоффенхайм»), Пауло Дибала («Ювентус») және Мұсса Мареги («Порту»). Ал Антуан Гризманн («Атлетико» Мадрид), Рафаэл Геррейру («Боруссия» Дортмунд), Гарри Кейн («Тоттенхэм») және Мауро Икарди («Интер») сынды футболшылар 4 голдан соқты.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

Дереккөз: http://egemen.kz/