«Лесбилердің Исасы»: Заманбек Нұрқаділовтің немересі ЛГБТ белсендісіне қалай айналғаны жайлы — Қазақстан жаңалықтары

0

Жақында елімізде және алыс-жақын шетелде қазақстандық спортшы Қуат Хамитовтың гомофобтық көзқарасы мен ЛГБТ белсендісі Нұрбибі Нұрқаділованың посты қызу талқыға түсті. Қазақстандық саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің немересі Нұрбибі адамдардың постына қатысты ойлары жөнінде, өзіне көрсетілген бопсалау және Қазақстанда ЛГБТ өкілі болудың қандай екені жайлы айтып берд wonderzine.com сайтына айтып берді. 

«Каминг аутты» ата-анам қалай қабылдады

Алғаш рет ориентациям жайлы айтқанымда, мен туралы желіде көп жазылды. Бәрі «Заманбек Нұрқаділовтың (кеңестік және қазақстандық саясаткер, қоғам қайраткері) немересі лесбиянка екен» деп жазып жатты. Сол кезде алғаш рет маған нашар пікірлер айтылды, бірақ айтарлықтай ауқымды болған жоқ. Мені көбіне ресурстар жамандап жатты. Қазақстанда атамды көбісі біледі. Ол Алматының, Алматы облысының әкімі, кейін Төтенше жағдай агенттігінің төрағасы қызметінде болды. Өмірінің жылдары ол оппозиционер болған, соған қарамастан, халық оны құрметтеді. Кейде таксиде кетіп бара жатып мені танымайтын адамдардан атам жайлы жақсы сөздер еститінмін.

Ата-анам бала кезден мені ештеңеден шектеген емес, сондықтан «каминг аутты» (адамның сексуалды орентациясын ашық айту) қалыпты қабылдады. Шын мәнінде осыны қалайтынымды анықтап сұрады, мен «иә» дедім. Негативтен абайлауымды өтінді. Олар маған «Сенің өмірің, өзің білесің» деді. Қазір ата-анам қызыммен (партнері — ред.) жақсы сөйлеседі, осыған байланысты ешқандай қиындықтар жоқ.

 

ЛГБТ адамдарына деген қарым қатынастың өзгергенін қалаймын

Белсенілік танытып жүргеніме көп болған жоқ, шынымды айтсам белсенді мен әр нәрсеге бей-жәй қарамайтын адамның арасында айырмашылық жоқ деп ойлаймын. Көзқарасыңды білдіру үшін өзіңе белгілі-бір ат таңу маңызды емес сияқты. Бала кезден әділеттілік үшін күресіп үйренгенмін, барлығына көмектесіп жүретінмін. Ең алғаш рет осыдан екі жыл бұрын қызбен қарым-қатынасты бастаған кезде, осы жайлы қалыпты нәрсе сияқты айта бастадым. Бұған дейін де жігіттермен, бұрынғы күйеуіммен қарым-қатынасым жайлы айтып жүргенмін. Мен бәрін қалыпты нәрсе ретінде жасырмай жазамын.

Өз посттарым арқылы ЛГБТ адамдарына деген қарым-қатынастың өзгергенін қалаймын. Маған ниеттес адамдар көп, олардың ішінде ЛГБТ қоғамдастығымен ешқашан бетпе-бет келмегендер де бар. Олар менің сторис, посттарымды оқи отыра, мені өздері сияқты проблемасы бар адам ретінде қабылдайды. Менің өздерінен еш айырмашылығым жоқ екенін түсінеді және қызға деген сезімімнің басқалардікінен еш айырмасы жоқ екеніне көздері жетеді. Қызғаныш та, жыныстық қатынас та барлығыныкындей. Олар жігіттер жайлы айтқаным мен қазір қыз жайлы айтып жүргенімнің айырмасын сезінбейді. Пікірлердегі гомофобия бірен-саран ғана болатын: хейтерлерге де жауап жазып, блокқа салатынмын.

 

Қаным басыма шапты, бес минутта посттың мәтінін дайындадым 

Қуатқа қатысты жағдайға дейін барлығы қалыпты болатын. Қазір ойласам, оның пікірі маған себеп болған сияқты. Осыған дейін ЛГБТ өкілдерінің қиын өмірі туралы оқиғалар оқыдым. Бір оқиғада бір жігітің ағасы, басын тепкілеп, есірткіге отырғызып, өлтірмекші болған екен. Бұл өте қорқынышты оқиға, мұны көзіңе жас алмай оқу мүмкін емес. 

17 мамырда Халықаралық гомофобия мен трансфобия күнінде барлығы жақсы жаққа қарай өзгеріп жатқаны қуантады деп пост жаздым. Сол кезде Қуат Хамитовтың гомофобтық пікіріне көзім түсті. Пікірлердің көбісін шалып өткенде, көпшілігі оның ойымен келісетін боп шықты. Қаным басыма шапты, бес минутта посттың мәтінін дайындадым, арғы жағын ойлап жатпадым.

«Лесбийлер Құтқарушысы деген атқа ие болдым»

Қыздар мен жігіттер маған директке жазып, өз оқиғаларымен бөлісіп мені қолдап жатты. Тіпті мені «лесбийлер Исасы» деп атады.

Жазбамнан кейін мені адамдар белсенді түрде бөлісті, көп адам менің пікіріммен келісті. Содан кейін қазақстандық спортшы Артем Резников менің посттарымды өзінің аккаунтына салып, ашық түрде маған қарсы шыққан жоқ, бірақ бұл дұрыс еместігін білдіргені түсінікті болды. Содан соң толықтай Қуатты қолдайтынын жеткізді, «бұл жын-шайтандардан Қазақстан жерін тазарту керек» деп жазды. Жағдайды түснбей тұрып, талап жатты.

Көп қорлық, бопсалау келіп түсті. Адамдар мені ұрып-соғып, зорлап кететіндерін айтты. Сол кезде жағдай шектен шығып бара жатқанын түсіндім де, видеожолдау жасадым. Әрбір адам кім болғысы келетінін өзі таңдайтынын айттым. Зорлықты тоқтатып, кішкене болсын мейірімді болуға шақырдым. Ал менің видеомда басқалары «үгіттеуді» көрген сияқты.

Қанша адам мені қолдау, қаншасы қарсы болғанын айту қиын. Көп жігіт пен қыздар директе жазып, алғыстарын білдіріп жатты, мені «лесбийлер Исасы» деп атады. Мен ондай ештеңе сұраған жоқпын. Білуімше, Қазақстанда осы уақытқа дейін гомофобияға бұлай қарсы шыққан жағдайлар болмаған, содан соң бұл жайлы Ресейде, АҚШ-та жазды. Кейбіреулер, осы жағдайдан соң ата-анасы мен жақындарына өздері жайлы шындықты айту керек деп шеккендерін жазып жатты.

 

Қызым екеуміз пәтер ауыстыруға мәжбүр болдық

Осы оқиғалардың барлығын оқи отыра, үлкен іс тындырғанымды сезіндім, мұның жанында маған айтылған бопсалау түкке тұрғысыз болып көрінді. Тез арада тұратын жерімді өзгерттім, құқыққорғаушылар мені эвакуациялады. Мен пәтерімді ауыстыруыма тура келді, себебі таныс емес адамдар үйіме келуді шығарды. Қызыммен бірге тұратын болғандықтан, бізге тек достарымыз бен курьерлер ғана келеді. Бір жолы түнде есікті біреу ақырын қақты, қатты қақпаса да, ұзақ тұрды. Сол кезде қорқыныштан қозғала алмай қалдым: мен есік ілгегі қозғалғанын күтіп жаттым. Қызым есікке ақырын жақындап, көзінен кішкентай қызды байқады. Сол уақытта номеріме әртүрлі танымайтын еркектер хабарласа бастады. Ол қыз есікті тақылдатып, 10-15 минут бойы осылай есік алдында тұрды. Содан кейін ол лифт жаққа қарай емес, камерасы жоқ баспалдақтар жаққа қарай кетті.

Бұл жағдай тағы қайталанды. Бірақ ол кезде есіктің артында ешкім болған жоқ, тіпті домофонға да хабарласатын болды. Біз қауіпсіздігіміз үшін басқа жаққа көшіп кеттік. Достарым полицияға хабарласуды сұраған, бірақ олар мені аңдыған адамдарға жақтаспайтынына кім кепіл? Кім болса да, олар маған тәтті беру үшін келген жоқ.

 

Сөздерім Қуаттың шымбайына батты

Қуат Хамитов менің посттарымды оқыды және сөздерім оған тиіп кеткен болуы керек. Хамитов ашық гомофоб,  «шығыстық» құндылықтардың күрескері. Лесбийлердің өзін «гомофоб» деп атағаны шымбайына батқан тәрізді. Аралас жауынгерлік халықаралық федерациясына (IMMAF) жаздық, олар Хамитовты мүлдем танымайтын болып шықты. Ол UFC-де өнер көрсетікісі (Ultimate Fighting Championship) келеді, бірақ енді оған ол жаққа жол жабық.

Негізінен блогерлер менің жағымда болды. Мен олардың көпшілігін білемін, араласамыз. Менің бір досым таныстарымызға постты таратуды сұраған, көпшілігі қолдаудан бас тартты: біреу Оразаны себеп қылса, біреулер бұл оның беделіне нұқсан келтіреді деп айтты. Бізде беделді блогерлер арасында гомосексуалистер жоқ. Жалпы, елдегі жағдайға қарасақ: жыныстық ориентацияға байланысты ұрып-соғу немесе жұмыстан шығару жағдайларын жиі естисің.

ЛГБТ адамдарына наразылық көбіне ата-аналары тарапынан болады

ЛГБТ адамдарына наразылық көбіне ата-аналары тарапынан болады. «Ұят» деп баласы гей болғанша, жезөкше, алькогольге тәуелді болғанын қалайды. Қазақстанда гейлер Хамитов сияқты таныс емес адамға қарсы шыға алса да, ата-анасына қарсы шыға алмай жатады. Ата-аналар болса, гейлерді еркінен тыс үйлендіріп, лесбилерді тұрмысқа береді. Дәрігерлерге, мешітке апарады, үйде қамайды. Өзім де бұрын осындай жағайларды кездестіргем, мұндай үйден бала қашады.

 

Қазақстанда далаға шығу әлі де қорқынышты 

Ресми түрде Қазақстанда гомофобия жоқ делінеді, ЛГБТ қоғамдастық тамаша өмір сүреді деп ойлайды. «Үгіт жасау» жайлы заң да жоқ, гомосексуалды адамдар қорғалмаған. Конституцияда адамды шыққан тегі, ұстанатын діні бойынша қудалауға болмайды делінген, сексуалдық ориентация ол жерде айтылмаған.

Заң дұрыс істемейді, адамды соттау үшін көп уақыт, қаржы, күш керек. Сондықтан ЛГБТ адамдар ондай нәрсеге көп бара бермейді. Осыдан біраз уақыт бұрын «Есентай молл» сауда орталығында біреулер екі қыздың сүйіскенін түсіріп алған, содан соң екі қызға халық жабыла кетті. Екеуі «Феминита» құқық қорғау ұйымына барып, өтініш жазды. Көп соттан өтсе де, ақыры істі жеңіп шықты. Бұл Қазақстанда ЛГБТ өкілдерінің өз құқықтарын қорғап шыққан алғашқы жағдай болды.

Қазақстанда ЛГБТ адамдарды заң қорғағанын қалайтын едім, содан кейін барып прайд ұйымдастыруға болады. Қазіргі белсенділік тек желіде ғана болғандықтан, далаға шығу әлі де қорқынышты болып отыр.

 

stan.kz