Леффлер Головкинмен келісімшарттың бұзылуы жайлы қауесетке қатысты пікір білдірді — Бокс
Промоутер Том Леффлер Twitter-дегі парақшасында БАҚ-та тарап жатқан қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен серіктестігінің тоқтатылғаны жайлы пікірін білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Желтоқсан айының ортасында GGG мен Леффлер арасындағы серіктестік 7 жылғы мерзімнен кейін аяқталуы мүмкін екенін Los Angeles Times жазған болатын. 3 қаңтарда ESPN телеарнасының сарапшысы Дэн Рафаэль екі жақтың бірлесіп жұмыс істеуі тоқталғанын айтқан. Екі күн өткеннен кейін USA Today-ден оның әріптесі Марк Ортега осы ақпаратты растады. Серіктестіктің бұзылғаны жайлы тағы бір жағдай меңзеді, ол промоутердің жаңа телесеріктестің келіссөзінде болмағаны делінді.
Том Леффлер. © instagram/tomloeffler1
Осы жағдай барысында Леффлер журналистерге осы мәселе жайлы өзінің жауабын айтты. «Дэн, бүгін Геннадий маған айтты, «сары» баспасөзге ол жайлы немесе карьера жайлы өзінің тікелей дәйексөзінсіз еш нәрсе айтудың қажеті жоқ. Бұл жағдайда сіздің жазғаныңызды басқа адамдар пайдаланып, оны жалған ақпаратпен толықтырады», — деп жазды ол 8 қаңтарда.
Промоутерден басқа да баспасөздер сөз естіді. «Майк, Головкин карьера жайлы өтірік ақпарат берулеріңді доғарыңдар да бізден жаңалық күтіңдер. Өтінемін, GGG-дің жеке өмірін әлеуметтік желілерде қозғамаңдар, ол жеке өмірі мен боксты бөліп қойған. Оған құрметпен қараңдар және бізден ресми ақпарат күтіңдер», — деді Леффлер.
«Марк, сендер басқа баспасөз сияқты жалған ақпаратты таратып жатырсыңдар (…). Ақпаратты таратпас бұрын жақсылып тексеріңдер немесе бізге қоңырау шалыңдар. Уорд промоутермен келісімшартты бұзамын деп үш рет жеңіліс тапты», — деді промоутер.
Қазіргі уақытта Генадий Головкин бос агент. 2012 жылдан бері ол HBO телеарнасында көрсетіліп жүрді, бірақ келесі жылдан бастап олар боксты көрсетуден бас тартқан.
Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz