Лавров Sputnik пен RT-ні жақтап сөйледі

0

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров «Территория смыслов» бүкілресейлік жастар білім беру форумында Ресейдің халықаралық алаңдарда болуын ұлғайту керек деп мәлімдеді 

Ресей СІМ басшысының айтуынша, шетелде ресейлік екі БАҚ қана көрініп жүр.

«Russia Today мен Sputnik екі жақтап, оларды «Батыстағы қоғамдық пікірге басты қауіп» деп атайтындай жағдай туғызды», — деді Лавров.

Ол жақында Лондонда БАҚ бостандығы жөніндегі жаһандық конференция өтіп, оған RT мен Sputnik шақырылмағанын атап өтті.

Еске сала кетейік, «Россия сегодня» ХАА мен RT арнасының бас редакторы Маргарита Симоньян өзінің Telegram аккаунтында RT мен Sputnik агенттігін БАҚ бостандығы жөніндегі конференцияға тіркемей қоюына қатысты пікір білдірді.

Сондай-ақ, «Журналистерді қорғау комитеті» халықаралық үкіметтік емес ұйымы RT және Sputnik-ті аккредиттеуден бас тартуына байланысты алаңдаушылық танытты.  



sputniknews.kz