Латынға негізделген өзбек әліпбиінің жаңарған нұсқасы таныстырылды
Әлішер Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік университеті жанындағы жұмыс тобы өзбек әліпбиінің жаңарған нұсқасын таныстырды. Дәл осы топ латын әліпбиіне негізделген өзбек алфавитін жетілдірумен айналысады.
Жаңарған жобада төмендегідей өзгерістер бар:
- Кириллицадағы «ц» дыбысын белгілеу үшін ғалымдар жаңа алфавит жобасына «с» әрпін қайтаруды ұсынады;
- Кириллицадағы «ш» және «ч» дыбыстарын белгілеу үшін ғалымдар sh және сh сияқты диграфтардан бас тартып, оларды Çç және Şş таңбаларымен белгіледі ұсынады;
- Қазақша кириллицадағы «ұ» және «ғ» дыбыстарына ұқсас «o'» және «g'» белгілеу үшін Óó және Ǵǵ таңбалары қолданылмақ;
- Кириллицадағы «ъ» айыру белгісін белгілеу үшін апострофты қалдыруды ұсынады.
Gazeta.uz хабарлауынша, 1995 жылы Өзбекстан диакретикалық таңбалары бар әріптерді алфавиттен алып тастап, оларды диграфтармен алмастырған. Бірақ қазір ғалымдар олардан бас тартып отыр. Соңғы өзгерістерді түсіндірген ғалымдардың айтуынша, мысалы, «ғ» немесе «ұ» дыбысын диграфпен жазған кезде қолданушылар кейде алты компьютер пернесін басуға мәжбүр болады.
Ғалымдар 1993 жылы өзбек әліпбиіне суахили және түрік тілінің үлгілері бойынша өзгерістер енгенін, бірақ «бұл тілдердің өзбек әліпбиінен ерекшеліктері бар екенін» айтады.