Лара Фабиан Димаш жайлы: Ол — ғарыштық дауысқа ие жігіт — Қазақстан жаңалықтары

0

Жақында Ресейдің Мәскеу қаласында концерт берген Димаш Құдайбергеннің ән кеші аншлагпен өтті. Танымал композитор, Ресейдің еңбек сіңірген қайраткері Игорь Крутой дәл осындай әртісті біраздан бері іздеп жүргенін айтты. Сөзіне қарағанда, ол Димашқа қарап шабыттанады. Бұл туралы Крутой «НТВ» арнасына берген сұхбатында айтты, деп жазады Stan.kz.

Лара Фабиан Димаш жайлы: Ол ғарыштық дауысқа ие жігіт«Мен өзім сол үшін жұмыс істегім келетін әртісті біраздан бері іздеп жүрдім. Екеуміз бірлесіп жұмыс істеп, жаңа туындылар жарыққа шығарып, жаңа биікке шығамыз деп үміттенемін. 

Лара Фабиан оның даусын естіген кезде «ол — ғарыштық дауысқа ие жігіт» деді», — дейді Игорь Крутой.

Ал әр елден келген фанаттар Димаш жайлы не дейді?

Қытайдан келген тыңдармандар: «Ол мінсіз жігіт, Қытайда барлық қыздар солай ойлайды»;

Америкалық фанат: «Оны ешкіммен салыстыра алмайсың»;

Оңтүстік-Африка республикасының тұрғыны: «Ол бізге нағыз музыкамен байланысты қайтарып берді»; 

Польшалық әйел: «Ол — әлемдегі ең үздік әнші». 

Ал екі күн Кремль сахнасында концерт берген Димаштың өзі: 

«Көрерменнің қолдауына қарап, мен ең бақытты әртіспін деп сеніммен айта аламын», — дейді. 

stan.kz