Лакшми Миттал Қазақстанда адам сенгісіз үлкен жетістіктерге жеткенін айтты

0

ArcelorMittal Қазақстан үкіметімен келісімге қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мәміле барлық қатысушы тараптардың мүдделеріне сай. Жаңа инвестор «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының қызметіне толық бақылау мен жауапкершілікті өз мойнына алды.

Сондай-ақ мәлімдемеде жиі сынға ұшыраған төраға Лакшми Миттал мен ArcelorMittal бас директоры Адитиа Митталдың сөздері бар.

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының қызметкерлеріне соңғы 28 жыл ішінде қосқан үлестері үшін алғыс айтқымыз келеді. Бизнес үлкен қиындықтарға тап болғанымен, мақтануға тұрарлық көптеген елеулі жетістіктер де болды. АрселорМиттал Теміртау АрселорМитталдың өте құнды бөлігі болды. Біз Қазақстанды және бізбен жұмыс істегендердің барлығын құрметпен еске аламыз», – деді Миттал.

Еске салсақ, үкімет ArcelorMittal Termirtau компаниясын 286 миллион долларға сатып алғаны хабарланды.

Жаңа инвестор қазақстандық кәсіпкер Андрей Лаврентьев болды.

фото: ulysmedia.kz