«Лайық емеспін»: Қыран Талапбек «Құрмет» орденіне қатысты пікір білдірді
Танымал мобилограф Қыран Талапбек “Құрмет” орденімен марапатталуына қатысты ойын бөлісті. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Айта кетейік, блогер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке мобилографы болатын.
“Бірден айтамын, бұл орденге лайық емес екенімді мойындаймын. Бұл менің емес, өз еңбегімен адал жұмыс істеп, адал нанын тауып журген 30 мың жас мобилограф мамандардың ордені. Бұл менің емес, өз арманына ұмтылғысы келетін жастардың ордені. Құттықтап қолдаған әр жанға рахмет! «Лайық емес» деп наразы болғандарды да түсінемін. Артық алып бара жатқан ештеңеміз жоқ. Сондықтан «орден» өзінің орнын тапты. Мен үшін ең лайық кісі. Әкеме бердім», – деді Қыран Талапбек.
Еске салайық, мобилограф Астанада өткен ШЫҰ саммитіне келген бірқатар ел басшыларын видеоға түсірді.
Басқа президенттер мобилографтың бейнежазбасын қабылдамаса да, Моңғолия басшысы аталған коллаборацияны бірге жариялауға келісімін берген.
«Түрік басшысы қабылдамай жатыр. Отбасымызбен күтіп отырмыз”, – деп жазған еді Қыран Талапбек.