Ләйлә Сұлтанқызының күйеуі қайтыс болды

0

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының күйеуі Қайрат Беркінбаев қайтыс болды. Бұл туралы блогер Дәулет Мұқаев Instagram-дағы парақшасына жазды.

Бүгін таңғы уақытта Қайрат Беркінбаев дүниеден озды. Қайрат ағаны бірнеше рет көргенмін. Өте биязы, сабырлы адам еді. Белді кәсіпкер, өз ісінің маманы еді. Әрі талай қайырымды іс жасап, қайырымдылықтың жаршысы болып жүретін. Аз сөйлеп, көп іс тындыратын.

Жаныңыз жәннатта болсын! Ләйлә Сұлтанқызы, бекем болыңыз! Отбасымызбен қайғырып көңіл айтамыз», — деп жазды Дәулет Мұқаев.