Ләйлә Сұлтанқызы: Бір күні терлеп, бір күні қуанып, бір күні жылап оянамын
Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы биылғы жылдың қарашасында жолдасынан айырылды. Қайрат Беркімбаевтың қырқын өткізген тележүргізуші осыған дейін толыққанды сұхбат беріп, жұбайы жайлы мәлімдеді. Ал кеше Ләйлә Сұлтанқызы соңғы уақыттары шым-шытырық түс көріп, кейде тіпті түсінен жылап оянатынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
«Соңғы кездері жиі түс көріп жүрмін. Бір күні терлеп, бір күні қуанып, бір күні жылап оянамын. Бүгін де шым-шытырық түс көрдім. Жаңбыр құйып тұр. Қайрекем әдемі киініп алып, күлімлеген жүзімен маған қарап тұр екен. Ырымшыл халықпыз ғой, түсімді жақсылыққа жорыдым», — деді Ләйлә Сұлтанқызы Instagram парақшасында.