“Ләйла Сұлтанқызы 160 миллион” — Салық төлемегендердің қатарында кімдер бар?

0

Продюсер Баян Мақсатқызы мемлекетке 272 миллион теңге тапқан табысынан салық төлемеген. Миллиондап табыс тапса да, салық төлемегендердің қатарында Ләйлә Сұлтанқызы да бар,

Todayinfo.kz сайтының хабарлауынша, Ләйлә Сұлтанқызы 160 миллион теңгеден асқан табысының есебінен мемлекетке құн төлемеген. Ал миллиардер Сырымбек Тау блогер болмаса да борышкерлердің қатарында тұр.

Кәсіпкердің мемлекет алдындағы қарызына 114 миллион теңге табысы себеп болып тұр.

Салық төлеушілердің көшін  2 миллиард 163 миллион теңгеден салық төлемеген Бейбіт Әлібеков бастап тұрса, борышкерлердің ішінде журналист, блогер Өркен Кенжебек те жүр.

Оның мемлекет алдындағы қарызы 215 миллион теңгеден түскен салық болып отыр. Ал әнші Алтынай Жорабаева мемлекеттік кірістер департаментіне 110 миллион теңгеден түскен құнды төлеуі тиіс.